Валюта болжамы: 5 қараша – 9 қараша

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
371,357

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,584

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (5 қараша – 9 қараша).

Алдағы апта теңге үшін жаңа құбылмалық әкелуі мүмкін, бұған сыртқы факторлар себеп болмақ. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар осындай пікірді ұстанып отыр. Әсер етуші бірнеше триггер бар. Ең алдымен теңгеге мұнай нарығы қысым көрсетеді. Бұл туралы «ФИНАМ», «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, «Телетрейд Групп», Wall Street Invest Partners және IFC Markets сарапшылары айтты. Бұл ретте «ФИНАМ», «Телетрейд Групп», Wall Street Invest Partners және IFC Markets компаниясындағылар, әсіресе Ресейге қарсы санкция қайта басталуы мүмкін екеніне тоқталды.

Басқа факторлар ішінен сарапшылар тағы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынасын («Альпари», «ФИНАМ», «Телетрейд Групп») және АҚШ Конгресінде өтетін сайлауды («ФИНАМ», «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, Wall Street Invest Partners, Gerchik&Co) сөз етті. Сонымен қатар «Альпари» компаниясының сарапшысы АҚШ Федрезервінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдайтын отырысына және Қазақстан Ұлттық банкі басшысының теңге бағамының еркін айналымы алдағы үш жылда да сақталады деген дерегіне ерекше мән берді. «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ сарапшылары алдағы уақытта Трамп пен Путиннің кездесуі күтіліп отырғанын айтты.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:

5 қараша – 9 қараша

24 қазан мен 31 қазан аралығындағы қарқынды өсу мен күрт төмендеген қатты құбылмалық дамушы нарықтарды тығырыққа тіреді. Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленістің шешілетін түрі жоқ. Бұған қоса, 8 қараша күні АҚШ Федеральдық резерві пайыздық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды. Осы шешімді тағатсыздана күтетін әлемдік нарықтар да тыпыршып отыр.  

Қазақстанда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәжіліс отырысында қаржылық реттеушінің алдағы үш жылда теңге бағамының еркін айналымын сақтап қалу ойы бар екенін айтты. Әйтсе де Ұлттық банк басшылығы теңге бағамына төлем балансының жағдайы, яғни елге келетін және елден шығатын ақша ағыны әсер ететін болады деп отыр. Бұл мәлімдемені нарық пессимистік тұрғыда қабылдап, ол теңгенің төмендеуіне әкелді.

Теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 368-373 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы шамалы өзгеріп, бір рубль 5,65-5,66 теңге болады деп отырмыз.

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

5 қараша – 9 қараша

Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа индикаторлары жағымды көрсеткіш көрсетті. Оған ірі компаниялардың есебі және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысы жақсы шешілетін шығар деген үміт себеп болды.

S&P500 нарығының индексі 1,06%-ға өсіп, 2740,57 шамасында жабылды.  Өндірістік Dow Jones индексі 1,06%-ға, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса  1,75%-ға өскен. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы  еш өзгерместен 3,1% шамасында қалды.   

Оң динамикаға ірі компаниялардың есебі мен олардың өздерінің акцияларын кері сатып алу жөніндегі жоспары көмектесті. Мысалы, әлемдік ірі DowDuPont Inc химиялық компаниясының саудасы үшінші тоқсанда 10%-ға өсіп, пайда мен табыс көлемі инвесторлардың күткендерінен асып түсті. Сондай-ақ концерн 3 млрд долларға акцияларды сатып алу туралы бағдарламаның басталғанын хабарлады.

Трамптың Аргентинада өтетін G-20 саммитінде Си Цзиньпинмен кездесуге деген ниеті және АҚШ президентінің экономика жөніндегі кеңесшісі Ларри Кудлоудың егер елдер сауда келіссөздері бойынша оң нәтижеге қол жеткізсе, Вашингтон аспан асты елінің импортына жаңа баж салығын енгізуден бас тартуы мүмкін деуі, нарықтарды бір серпілтіп тастады.

Алайда америкалық сауда сессиясы аяқталғаннан кейін шыққан Apple-дың есебі компанияның капиталдануын постмаркетте 7,3%-ға түсіріп жіберді. Инвесторларға компанияның iPhone сатуды өсірмей, тек смартфондардың бағасын өсіруден пайда табуы ұнамады.

Бейсенбі күні мұнай бағасы 3,62%-ға түсіп, Brent маркалы мұнай бағасы сауданы 72,72 доллар шамасында жапты. «Қара алтын» бағасының жағымсыз динамикасына Bloomberg-тің ОПЕК елдерінің мұнай өндіруді арттыруы туралы жарияланымы себеп болды.  

Сонымен қатар мұнай бағасын белгілеуге АҚШ Конгресіндегі аралық сайлау мерзімінің жақындауы да әсер етті. Американың энергетика министрі Рика Перридің қыркүйекте ресейлік және саудиялық әріптестерімен кездесуі нәтижесіз болмаған сияқты. Енді Трамп сайлаушыларға өсіп бара жатқан бензин бағасын ауыздықтай алдым деп айта алады.

Тап қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай бағасы 71,15-71,65 доллар шамасында саудаланып отыр.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,3-5,6 теңге, долларға қатысты бағамы 366-370 теңге және еуроға қатысты бағамы 417-421 теңге болады деп болжап отырмыз. 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:    

5 қараша – 9 қараша

6 қараша күні АҚШ Конгресінде сайлау болады. Содан кейін жаңа сайланған конгресс мүшелері Ресейге қарсы санкциялар мәселесін қайта көтеруі мүмкін. Сондай-ақ жақын арада Трамп пен Путин кездеседі деп күтіліп отыр. Сайлау және екі ел басшысы кездескеннен кейін, батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынас қандай болатыны нақтыланады. Бірақ жағдай бірден жақсарып кетпейтіні анық.

АҚШ-та қорларды арттыру туралы мәлімет шыққаннан кейін мұнай бағасы тұралап қалды. Бірақ рубль сол тұрған қалпында тұр. Бұл жақсы жаңалық, әрине.

Биткойнға қатысты пікір сол баяғы қалпында. Бірақ нарық жағымды деп қабылдайтын кез келген жаңалық бағаны лезде көтеріп жіберуі мүмкін. Алайда криптовалюта бағасының өсуіне нақты себеп болатын жағдайды көріп отырған жоқпын.

Келесі аптада доллар 365-375 теңге, рубль 5,4-5,6 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 70-75 доллар, бір биткоин 5000 -6500 АҚШ доллары болады деп болжап отырмын.

Олег Богданов,  «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

5 қараша – 9 қараша

Өткен аптада қазақстандық теңге emerging markets-тың басқа валюталарынан да нашар болды. Бұған ішкі факторлар мен әртүрлі шикізат активтерінің, оның ішінде мұнай бағасының төмендеуі негіз болды деуге болады.

АҚШ-тың ирандық мұнайға қатысты санкциясы қатаң болмайды және сегіз азиялық ел ирандық мұнайды сатып алуын жалғастыра алады деген мәлімдемесінен кейін, мұнай тағы да 5%-ды жоғалтты. Теңге бұдан да төмендеп кетуі мүмкін еді. Алайда Трамптың Қытаймен арадағы сауда мәселесі бойынша бір ымыраға келу ниетінен әлемдік нарықтарда тәуекел деңгейінің азаюы оны сақтап қалды. Бірақ та келесі аптада бұл фактор маңызды болмай екінші орынға шығуы мүмкін. Сол кезде нарықта АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларының кірістілігінің өсуі тағы басым болып, инвесторлардың дамушы нарықтардағы портфелін қысқартуына әкелуі мүмкін.

Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы төмендейтіні айтпаса да түсінкті. USD/KZT жұбы 372 теңге шамасынан асып, 375 болуы мүмкін, ал EUR/KZT жұбы болса 430 теңге болуға ұмтылады. Рубльге қатысты бағам 5,7 теңгеге жетуі мүмкін. 

Данияр Жұмекенов,  Wall Street Invest Partners сарапшысы:  

5 қараша – 9 қараша

Өткен аптада әлемдік нарықтағы құбылмалық одан сайын өсіп кетті. Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 73 доллар  шамасына түсіп, бұған дейін әзер қол жеткізген деңгейді жоғалтып алды. Америкалық қор нарығындағы бағаның қайта қалыпқа келтіруге деген ұмтылыстың нәтижесі де айтарлықтай болмады. Құбылмалықтан алтын бағасы да тыс қалмады. Алтын бағасы қазандағы шарықтаған шамасынан төмендеп, 30 доллар троя унциясын жоғалтты. Алайда қымбат металлдарға деген әлемдік сұранысты қолдау туралы мәліметтерден кейін алтын бағасы қайта қалыпқа келіп, жоғалтқан деңгейін еңсеріп, аптаны бір унция үшін 1230 доллар деңгейінде жапты.

Инфляцияға қатысты мәліметтер тағы да америкалық долларды күшейтті. Аптаның алғашқы жартысында АҚШ доллары басқа валюталарға қарағанда басым болды. Ал аптаның екінші жартысында еуропалық валюта америкалық доллардың әлсірегенін пайдаланып, апта басынан бері жоғалтқан шамасының орнын толтырды. Британдық валюта жағымсыз трендті жеңіп, реттеушінің пайыздық мөлшерлеме көтерілуі мүмкін деген мәлімдесінен кейін өсті. Ағылшын қаржы компанияларының Еуропалық Одақ нарығына кіруінің сақталып қалуы нарық қатысушыларының көңіл-күйіне әсер етті. Бұл қол жеткізу ұзақмерзімге созылмақ. 

Жұма күні болжанғаннан гөрі жақсы болып шыққан жұмыссыздыққа қатысты мәлімет америкалық долларға қолдау болғанмен де, инвесторларды аса серпілте қоймады. Қытайлық юаньның америкалық долларға қатысты бағамының төмендеуі 6,9771 деңгейінде тоқтады да, юань қайта нығая бастады. USD/RUB валюталық жұбы бір доллар үшін 65 рубльден 66 рубльге дейінгі шамада саудаланды. Өткен аптада қазақстандық теңге негізгі валюталарға қатысты бұған дейін қолжеткізген деңгейін бірте-бірте жоғалтты.

Алдағы аптаның маңызды оқиғасы әлемдік нарықтарға әртүрлі бағытта әсер ету болмақ. Иран мұнайының импортына толық тыйым салыну мұнай нарығындағы құбылмалықты күшейтеді. Иран мұнайын сатып алатын бірқатар ел үшін әлсіреу болатынына қарамастан, нарық қатысушыларына бұл қалай әсер ететіні әзірге белсіз. Санкция басталғаннан кейін ирандық мұнайды сатып алушы елдер Иран мұнайының жартысын сатып алу үшін АҚШ-тан рұқсат сұрайтын болады. Әлемдік мұнай өндірудің үздіксіз өсуі жағдайында соңғы айларда Ресей, АҚШ, Саудия тарапынан мұнай өндіру бойынша рекордтық көрсеткіш көрсету, нарықта мұнайдың артылуына әкелу қаупі бар. Осыған сәйкес мұнай бағасы одан сайын төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар АҚШ-тағы апта сайын шығатын мұнай қоры жайлы мәліметтің өзгеруі мен мұнай нарығындағы жаңа мәліметтер мұнай бағасын одан сайын төмендетеді. Әлемдегі экономикалық өсудің әлсіз болуынан мұнайға деген сұраныстың төмендеу қаупі пайда болды.

АҚШ конгресіндегі сайлаудан кейін қаржы санкциясы тақырыбының қайта қозғалуы ресейлік рубль үшін қысым болуы мүмкін. Алайда Ресейдің ағымдағы шоттың төлем балансының профициті рубльге қолдау болуда. Шикізат пен валюталар бағасының тұрақсыздығы нарық қатысушыларының қауіпсіз айлақты іздеуі олардың назарын алтынға ауыстыруы мүмкін. Америкалық доллар тарапынан қысым болғанына қарамастан, рубль бір доллар үшін 66 рубль шамасын ұстап тұр.

Осындай қысылтаяң шақта апта теңге үшін оңай болмайтын сияқты. Мұнай бағасы ойсырап бара жатқан тұста қазақстандық теңге ресейлік рубль мен америкалық долларға қатысты позициясын тағы жоғалтады.

2 қараша мен 9 қараша аралығында теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 372-380 теңге, ал рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,6-5,7 теңге аралығында болады деп күтіліп отыр.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

5 қараша – 9 қараша

Өткен аптада қазақстандық валютаның ресейлік рубль мен америкалық долларға қатысты бағамы әлсіреді. Меніңше, америкалық долларға қатысты бағамның әлсіреуіне арзандап бара жатқан мұнай себеп болған сияқты. Brent маркалы мұнайдың бағасы бір апта ішінде 7%-ға төмендеген, ал 4 жылдық деңгейін алып қарайтын болсақ, қазан айының басында 16%-ға түскен. Мұндай кері динамикаға ОПЕК-тің мұнай өндіруді арттыруы және тәуелсіз өндірушілердің Иранға қатысты жаңа санкцияларды күтуі басты себеп болды. Санкция дүйсенбі, 5 қараша күні күшіне енеді. Мұнай бағасы көтеріліп, теңгеге қолдау болады. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 2018 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазандағы инфляцияның деңгейі  0,4%-ға дейін өсуінен арзандаған болуы керек.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,57-5,69 теңге, бір доллар үшін 365-373 теңге болады деп болжап отырмыз.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

5 қараша – 9 қараша

Осы аптада теңгенің америкалық долларға қатысты бағамының әлсіреуіне  бірнеше фактор әсер етеді.

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы секторынан тыс құрылған жаңа жұмыс орындарының санына қатысты оң мәліметтер болжамнан (болжанған 190 мыңға қарағанда 240 мың болды) едәуір артық болып, өткен аймен салыстырғанда екі есе өскен.

Мұнай бағасының төмендеуінің жалғасуы және оның негізгі бағалық деңгейге (Lights маркалы мұнайдың бір бареллі  60 доллар және Brent  маркалы мұнайдың бір баррелі 70 доллар)  жетуі өз дегенін жасады.

Алтын бағасының өсуі және оның бір троя унция үшін 1240 долларға жақындауы нарық қатысушыларының АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесінен күтетіндерін көрсетті. Сайлау процесі мен нәтижесі валюта бағамдарының айтарлықтай құбылуына себеп болуы мүмкін.

Бір АҚШ доллары 370-375 теңге шамасында болады деп күтіліп отыр.

Ал ресейлік рубльге қатысты айырбас бағамы 5,4-5,6 теңге шамасында болады.

5 қараша – 9 қараша

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу