Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
05.7.2021 |
425,50-428 |
ГК «ФИНАМ»
05.7.2021 |
423-428 |
Forex Club
05.7.2021 |
426-428 |
Swissquote Bank
05.7.2021 |
424-430 |
DAMU Capital Management
05.7.2021 |
425-428 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
05.7.2021 |
5,80-5,90 |
ГК «ФИНАМ»
05.7.2021 |
5,70-6,00 |
Forex Club
05.7.2021 |
5,9-6,2 |
Swissquote Bank
05.7.2021 |
5,8-5,9 |
DAMU Capital Management
05.7.2021 |
5,75-5,80 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
05.7.2021 |
503-512 |
ГК «ФИНАМ»
05.7.2021 |
502-508 |
Forex Club
05.7.2021 |
506-508 |
Swissquote Bank
05.7.2021 |
504-510 |
DAMU Capital Management
05.7.2021 |
498-510 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
05.7.2021 |
64-66 |
ГК «ФИНАМ»
05.7.2021 |
65,85-66,25 |
Forex Club
05.7.2021 |
65,9-66,2 |
Swissquote Bank
05.7.2021 |
65,6-66 |
DAMU Capital Management
05.7.2021 |
65,5-66 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (5 шілде – 9 шілде).
28 маусым – 2 шілдеге арналған валюта болжамы.
Шілде айының бірінші аптасында теңге бағамы үшін сыртқы экономикалық факторлар бұрынғысынша негізгі әсер етуші фактор болып қала береді. Inbusiness.kz басылымында өз пікірімен бөліскен сарапшылар энергия нарығындағы жағдай сияқты триггерге назар аударды. Олар ОПЕК + келісімі аясында мұнай бағасының төмендегенін және экспорттаушы елдердің өндірісті арттыруының әсерін атап өтті.
Сондай-ақ сарапшылар АҚШ-тың еңбек нарығы және Ауғанстандағы шиеленістің өсуі туралы маусым айындағы мәліметтерді сөз етті.
Ішкі факторларға келетін болсақ, сарапшылар Қазақстандағы инфляцияның өсуін, коронавирустың таралып, жағдайдың нашарлауын, сондай-ақ Дүниежүзілік банк пен ЕҚДБ ЖІӨ-нің өсуі бойынша болжамдардың артуын атап өтті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Теңге үшін мұнай конъюнктурасы маңызды болып қалуда. Әзірге мұнай құны қымбат, Brent баррелінің бағасы 75-76 доллар шамасында. Бұл теңге үшін қолайлы жағдай. Қазақстанда инфляция өсуде, бұл тұтыну бағаларының индексіне қосымша қысымның туындауына жол бермеу үшін Ұлттық Банктің теңге бағамын мұқият қадағалайды.Алаңдардағы қатерлерге деген көзқарас бейтарап, бұл теңгенің тепе-теңдікте қалуына мүмкіндік береді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425,50-428 теңге, бір еуро 503-512 теңге, бір рубль 5,80-5,90 теңге, бір юань 64-66 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валютаның негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды, бұл ретте теңге долларға қатысты салыстырмалы түрде тұрақты бағамды сақтап қалды.
Теңгенің нығаюы мұнай бағасының 75 доллардан жоғары болуы әсер етті.тен Алайда тамыз айынан бастап ОПЕК+ келісімі аясында экспорттаушы елдер өндірісті ай сайын 400 мың баррельге арттырса, жақын арада шикізат бағасы біршама төмендеуі мүмкін.
Макроэкономикалық статистикаға келетін болсақ, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттіктің ұлттық статистика бюросы маусым айында Қазақстанда инфляция 1,1% -ды құрап, бұл жыл басынан бері 4,6% - ға тең екенін хабарлады. Дүниежүзілік Банк 2021 жылға арналған ҚР экономикасының өсуі бойынша болжамды жаңартты, ол 3,2% болды. Бұл, әрине, ҚРҰБ пікірі бойынша бұрын болжанған 4,0%-ға дейінгі өсімнен төмен, бірақ нәтиже жақсы. Сарапшылардың пікірінше, республика экономикасының өсуіне сыртқы ортаның жақсаруы, фискалдық қолдау бағдарламаларын ұзарту және ішкі экономикалық белсенділікті қалпына келтіруді жеделдету шаралары ықпал етеді.
Келесі аптада бір доллар 423-428 теңге, бір еуро 502-508 теңге, бір рубль 5,70-6,00 теңге, бір юань 65,85-66,25 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Жұма күні теріс динамика теріс ішкі және сыртқы факторлардың аясында байқалды. Атап айтқанда, ұлттық валютаға Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты жағдайдың нашарлауына кері ықпалын тигізді. Сонымен қатар ОПЕК+ мүшелері шілде айынан кейін мұнай өндіру параметрлері туралы әлі келісе алмағаннан кейін, мұнай бағасының өсуі тоқтады. Келесі аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы біршама әлсіреуі мүмкін.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 426-428 теңге, бір еуро 506-508 теңге, бір юань 65,9-66,2 теңге, бір рубль 5,9-6,2 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Сауда апталығы қысқа болады, өйткені Қазақстан Астана күнін атап өтуде. Әлемде коронавирус пандемияның қарқыны дамыған елдерде бәсеңдегеніне қарамастан, эпидемиологиялық жағдай басты назарда. Бірқатар дамушы елдерде жаңа толқын басталады деп болжануда. ОПЕК + кездесуінде жұма күні ешқандай шешім қабылданған жоқ, дүйсенбіде кездесу жалғасады. Сарапшылар өндірістің айтарлықтай өспейді және осы жаңалықтардың аясында мұнай бағалары жоғары болып қалады, Brent баррелі 76 доллар шамасында болады деген пікірде.
Ауғанстандағы геосаяси майданда шиеленіс күшейе түсуде. Америкалық әскери күштердің кетуімен Орта Азия елдеріне қауіп төнді.
Дүниежүзілік банк пен ЕҚДБ еліміздің ЖІӨ өсімі бойынша өз болжамдарын 3,2% және 3,6%-ға дейін көтерді. Айта кету керек, инфляцияның өсуі жаһандық тренд болып табылады, сондықтан қаржы-несие саясатын Қазақстан да, бірқатар жетекші әлемдік экономикалар қатаңдатуы мүмкін.
Келесі аптада бір доллар 425-428 теңге, бір еуро 498-510 теңге, бір рубль 5,75-5,80 теңге, бір юань 65,5-66 теңге шамасында болуы ықтимал.
Ерлан Айтек, Swissquote Bank серіктесі:
Бейсенбі күнгі сауда-саттықта Brent мұнайының бағасы 76 долларға дейін көтерілді. Бұған Сауд Арабиясы мен Ресей елдерінің мұнай өндірісін арттыру туралы келісім әсер еткен. ОПЕК+ қатысушылары 2021 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін ай сайын 0,5 млн баррельге дейін өсіруі мүмкін.
Бірінші жартыжылдықта MSCI ac World индексі ұсынған әлемдік акциялар нарығы шамамен 11,5% - ға өсті, бұл соңғы 20 жылдағы екінші ең жоғары көрсеткіш.Доллар АҚШ-тың еңбек нарығы туралы маусым айындағы көрсеткіштер белгілі межеден асып кеткеннен кейін төмедеді. Жұмыс орындарының саны 850 мыңға өсті, жұмыссыздық деңгейі 5,9%-ға дейін жетті. Валюталық болжам: USD/KZT 424-430; EUR/KZT 504-510; RUR/KZT 5,8-5,9; CHY / KZT 65,6-66.