Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.6.2021 |
426,00-428,00 |
ГК «ФИНАМ»
27.6.2021 |
423-428 |
Forex Club
27.6.2021 |
425-427 |
DAMU Capital Management
27.6.2021 |
420-425 |
SoftLink
27.6.2021 |
424-431 |
Swissquote Bank
27.6.2021 |
423-428 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.6.2021 |
5,85-5,95 |
ГК «ФИНАМ»
27.6.2021 |
5,80-6,10 |
Forex Club
27.6.2021 |
5,6-5,9 |
DAMU Capital Management
27.6.2021 |
5,90-6,00 |
SoftLink
27.6.2021 |
5,84-5,98 |
Swissquote Bank
27.6.2021 |
5,8-5,9 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.6.2021 |
505-515 |
ГК «ФИНАМ»
27.6.2021 |
506-512 |
Forex Club
27.6.2021 |
509-511 |
DAMU Capital Management
27.6.2021 |
510-518 |
SoftLink
27.6.2021 |
502-517 |
Swissquote Bank
27.6.2021 |
508-514 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
27.6.2021 |
65,8-66,3 |
ГК «ФИНАМ»
27.6.2021 |
65,85-66,25 |
Forex Club
27.6.2021 |
65,9-66,3 |
DAMU Capital Management
27.6.2021 |
66-66,5 |
SoftLink
27.6.2021 |
65,9-66,7 |
Swissquote Bank
27.6.2021 |
65,8-66,3 |
Inbusiness.kz басылымында өз пікірімен бөліскен сарапшылар теңге бағамына әдеттегідей мұнай бағасы әсер етеді деген пікірде. Олар АҚШ-тағы мұнай қорының азаюын, Қытай мен ЕО-да шикізатқа деген сұраныстың артуын, ОПЕК+ отырысын сөз етті.
21-25 маусымға арналған валюта болжамы.
Сонымен қатар ішкі триггерлер, яғни ҚР Ұлттық Банкінің теңгенің күрт нығаюын тежеу мүмкіндігін, үкіметтің ЖІӨ-нің болжамды деңгейден жоғары өсуін қамтамасыз ету жоспарын және індетке қатысты жағдайды да атап өтті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:
Мұнайдың қымбат болуы теңге бағамын тұрақтылығын қамтамасыз етуде, шикізат неғұрлым қымбат болса, қазақстандық валюта үшін соғұрлым жақсы болады. Маусымның жаңа аптасында бұл фактор өзгеріссіз қалады. Жаһандық капитал нарықтарындағы қатерлерге деген көзқарас та тұрақты және бұл теңгені сәтсіздіктердің ықпалынан арылтады.Дей тұрғанмен де шикізаттың қымбаттауы мен доллардың тұрақты болуы теңгенің әлі де болса қымбаттауына әсер етпей тұр. Инфляцияның таралуына жол бермеу үшін қазақстандық валютаның тым күрт нығаюын тежеп отырған Ұлттық Банк осы орайда шара қолданған болуы керек.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 426,0-428,00 теңге, бір еуро 505-515 теңге, бір рубль 5,85-5,95 теңге, бір юань 65,8-66,3 теңге болады.
Андрей Маслов, «ФИНАМ» КТ сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валютаның рубльдан басқа негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Теңгенің нығаюына мұнай бағасының өсу себеп болды, Brent баррелінің бағасы соңғы 2,5 жылда алғаш рет 75 доллардан асты. Шикізаттың қымбаттауына АҚШ-тағы шикізат қорының азаюы түрткі болды.Сонымен қатар Қытайда мен ЕО-да мұнайға деген сұраныстың артуы да нарыққа оң ықпалын тигізуде. Қазақстан парламенті палаталарының отырысында премьер-министр Асқар Мамин үкімет 2021 жылы ҚР-ның ЖІӨ өсімін 3,5-4% деңгейінде қамтамасыз етуге ниетті екенін мәлімдеді.Келесі аптада бір доллар 423-428 теңге, бір еуро 506-512 теңге, бір рубль 5,80-6,10 теңге, бір юань 65,85-66,25 теңге шамасында болуы ықтимал.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстан қор биржасында жұма күні теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы біршама әлсіреді. Ұлттық валюта мұнай бағасының өсуінен қолдау тапты, бірақ Қазақстандағы індеттің ушығуы валютамызға кері әсерін тигізді. Сонымен қатар, ел парламенті азаматтардың ауылшаруашылық жерлерін сатып алу мүмкіндігін бес жылға кейінге қалдырды. Ал бұған дейін Қазақстан президенті шетелдік азаматтар мен шетелдік компаниялардың жер сатып алуы мен жалға алуына заң жүзінде тыйым салу қажеттігі туралы мәлімдеген болатын. Әлемдегі карантиндік шектеулердің қысқартылып, артынан сұраныс тез қалпына келіп жатқан соң, мұнайдың бағасы аздап өсті. Инвесторлар келесі аптада ОПЕК + альянсының өндірісті ұлғайту туралы шешімін күтіп отыр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 425-427 теңге, бір еуро 509-511 теңге, бір юань 65,9-66,3 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып, рубль мен еуроға қатысты бағамы біршама әлсіреді. Мұнай бағасының өсуі қазақстандық валютаға оң әсерін берді.Brent баррелінің құны 75 доллардан асып түсті. Инвесторлар сұраныс өндірістің өсуіне қарағанда тез артуда деп есептейді. Нақтырақ айтқанда, АҚШ-тағы мұнай қоры бесінші апта қатарынан қысқарып жатыр. 1 шілдеде ОПЕК + альянсының кезекті отырысы өтеді. Қатысушы елдер мұнай өндірісінің бір күндік көлемін 441 мың баррельге ұлғайтатпақ.
Теңгеге Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің ЖІӨ өсімі болжамды деңгейден 3,1% асып, 3,5%-4% болуы мүмкін деген мәлімдемесі оң ықпалын тигізді. Бұл ретте инфляция 4-6% деңгейінде болуы ықтимал. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 424-431 теңге, бір еуро 502-517 теңге, бір рубль 5,84-5,98 теңге, бір юань 65,9-66,7 теңге болады.