Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel өз оқырмандарына кезекті апталық валюта болжамын ұсынады. Биржа сарапшылары 6-10 наурыз аралығында теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамы қандай болатыны туралы пікірін ортаға салды. Олардың болжамы негізінде біз теңге/доллар және теңге/рубль жұптарының ортақ мәнін шығардық.
Наталья Мильчакова, Альпари сараптама департаменті директорының орынбасары:
Қазақстан Ұлттық банкінің басшылығы үкіметке берген есебінде теңгеге қарсы әлдебір тегеурінге жол бермеу үшін Ұлттық банкте алтын-валютаның қомақты қоры (63 млрд доллар) бар болғандықтан, теңгенің жаңа девальвациясы болмайды деп сендірді, алайда Ұлттық банк басшылығы ұлттық валютаның деңгейін сақтап тұру үшін алтын-валюта қорын жұмсау қажет болмайтынына сенімді. Валюта трейдерлері бұл мәлімдемені үлкен қошеметпен қарсы алмады, себебі бұл шешім алдын-ала күтілген болатын.
Теңгенің долларға қатысты бағамына келер болсақ, біздің болжамымыз бір долларға 310-315 теңге шегінде өзгеріссіз қалады, ал теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 1 рубльге 5,34-5,35 теңге деңгейінде болады деп ойлаймыз. Біздің пайымдауымызша, теңгенің жоғары бағамының сақталуына барреліне 55-58 доллар шегінде болады деп бағалап отырған мұнай бағасы септігін тигізеді. Биыл Қазақстандағы инфляция деңгейі 6-8% шегінен аспайды деген Ұлттық банктің мәлімдемесі де теңгеге қолдау көрсетуі мүмкін.
Анна Бодрова, Альпари компаниясының аға сарапшысы:
АҚШ долларына деген сұраныс соңғы күндері валюта нарығының барлық спектрі бойынша өсті. Саудаға салынатын валюталар кейін шегінді және теңге де бұл үрдістен аман қалмады. Жаңа апта АҚШ доллары үшін бірқалыпты өтуі мүмкін, бірақ қазір көп нәрсе саяси жағдай мен жұмыспен қамту нарығынан жұма күні түсетін деректерге байланысты болады. Егер барлығы ойдағыдай болса, онда америкалық валюта 312-316 теңге шамасында саудаланады. Ал рубль үшін мұндай сауда диапазоны 5,38-5,41 теңге болады.
Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Өткен аптада бастаған теңгеге қатысты өсу үрдісін доллар осы аптада да жалғастырады деп топшылаймыз. Оған Brent маркалы мұнай бағасының 56 доллардан төмен деңгейде тұрақтауы және ойыншылардың доллар бойынша алып-сатарлық әрекеттері арқылы табыс табуға тырысуы жағдай жасайды. Америка валютасының халықаралық валюта нарығында нығаюы – оның өсуіне жол ашатын қосымша фактор болуы мүмкін. Соның салдарынан доллар/теңге жұбы шамамен 320 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Рубль/теңге жұбының динамикасына келер болсақ, біздің ойымызша, ол келер аптаны 1 рубльге шамамен 5,3 теңге көрсеткішімен аяқтайды.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Менің ойымша, мұнай бағасының тоқырауы мен қазақ компанияларының салық төлемін аяқтауы барысында теңге одан әрі әлсіреуі мүмкін. Валюта нарығындағы диапазонның ауытқуы 1 АҚШ доллары үшін 313-323 теңге болуы мүмкін. Сонымен бірге рубльдің әлсіреу үрдісі сақталады деп ойлаймын. Осының нәтижесінде қазақ валютасы 1 рубль үшін 5,3 теңгеге дейін нығаюы мүмкін.
Валерий Полховский, FOREX CLUB КТ сарапшысы:
Ресей рублі бір доллар үшін 58 рубльге дейін түсті. Теңгенің долларға шаққандағы бағамының шамалы ғана әлсірегенін есепке алатын болсақ, доллардың ресей рубліне қатысты бағамының нығайғанын көреміз.
Жалпы алып қарайтын болсақ, мұнай бағасы жақын арада 53-59 деңгейінен шықпайтынын айтуға болады. Мұнай бағасының төмендеуі МЭЕҰ және мұнай экспорттамайтын елдер ұйымының өндіруді қысқарту келісімімен негізделеді, ал мұнай бағасының өспеуіне биылғы жылы сұраныс пен ұсыныс теңеседі дегенге қатысты күдікті өршітіп отырған АҚШ-тың мұнай өндіруді арттыруы себеп болып отыр.
Сол себепті теңге де, доллар да қол жеткізілген деңгейде теңесуге тырысады, теңге үшін доллар бағамына қатысты шамамен 320 теңге деңгейінде, ал ресей рубліне қатысты 5,38-5,42 теңге шамасындағы тепе-теңдік тиімді.
Теңгенің құбылуына қатысты жағдай мамыр айында, өндіруді қысқарту бойынша келісімді ұзарту мүмкіндігі талқыланатын МЭЕҰ-нің кездесуі жақындаған кезде болуы мүмкін. Бұл бағаны және теңге мен рубль бағамын өзгертуі мүмкін.
Қанат Бабенов, «Алиби Секьюритиз» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:
Қазақстан Ұлттық банк мөлшерлемесінің төмендеуі теңгенің нығаюын біршама тоқтатты. Нарыққа қатысушылардың көбісі мұны мерзімінен бұрын болған жағдай деп есептейді, себебі инфляциялық болжам әлі де жоғары. Нәтижесінде теңге бағамы бір доллар үшін 317 теңгеге дейін көтерілді. Алайда мұнай бағасының көтерілуі сияқты сыртқы әсерлер жақын арада теңгенің нығаюына әкеледі.
Теңгеге қатысты Ресей рублі бұрынғыша қайта бағаланып, теңгенің рубльге шаққандағы бағамы ең жоғары деңгейі 5,4 теңге болып отыр.
Теңге/доллар жұбы бойынша апта соңына дейінгі біздің болжамымыз бір доллар үшін 310-313 теңге, ал теңге/рубль жұбы бойынша 5,38-5,41 теңге.