Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
04.5.2019 |
382 |
Астана-Инвест
04.5.2019 |
377-382 |
IFC Markets
04.5.2019 |
376-383 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
04.5.2019 |
5,81 |
Астана-Инвест
04.5.2019 |
5,8-5,9 |
IFC Markets
04.5.2019 |
5,79-5,87 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
04.5.2019 |
430 |
Астана-Инвест
04.5.2019 |
422-430 |
IFC Markets
04.5.2019 |
421-430 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
04.5.2019 |
|
Астана-Инвест
04.5.2019 |
|
IFC Markets
04.5.2019 |
Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (6 мамыр – 10 мамыр).
Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар оқырмандардың назарын тағы да мұнай котировкасы және АҚШ доллары индексінің жағдайы сияқты негізгі факторларға аударуда. Өткен аптада да олар ресейлік рубльдің америкалық және еуропалық валюталарға шаққандағы төмендеген бағамына мән берген болатын, ал ол өз кезегінде теңгеге әсер еткені сөзсіз. Аталған триггерлерді сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы атап кетті.
Сондай-ақ сарапшылар рубль бағамының одан әрі төмендеуі («Альпари»), валюта нарығында байқалып отырған дүрбелең («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ), Ресей реттеушісінің II тоқсанда базалық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін екені, америкалық санкциялардың күшею қаупі мен Қазақстанның жағымды макроэкономикалық статистикасы (IFC Markets) алдағы аптада бағам қалыптастыруға әсер етуі мүмкін факторлар деп отыр.
Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Вадим Иосуб, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:
Осы аптада доллардың ресми бағамы 0,27%-ға дейін өсіп, 380,89 теңгеге дейін жетті, еуро бағамы 0,86%-ға өсіп 426,6 теңге болды, ал рубль болса, керісінше, 0,34%-ға төмендеп, 5,83 теңге болды. Әлемдік мұнай бағасының Brent маркасының бір баррелі 70 долларға дейін төмендегені осындай динамиканың орын алуына әкелді. Мұның салдарынан рубльдің доллар мен еуроға қатысты бағамы төмендеді.
Алдағы аптада ресейлік рубль төмендеуін жалғастыруы мүмкін және оның теңгемен арадағы қатынасы 5,81 теңгеге дейін төмендейді. Доллар мен еуро болса бір аптадан кейін 382 және 430 теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Теңгенің әлсіреуіне екі себеп бар. Ол – негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайып келе жатқан доллар және АҚШ-тағы өндіру көлемі артқандықтан төмендеп бара жатқан мұнай бағасы. Осының нәтижесінде рубль әлсіреп, оның артынша теңгенің долларға шаққандағы бағамының да төмендегенін көріп отырмыз.
Мәселенің барлығы теңгенің рубльдің осы уақытқа дейін мықты болғанын елемей, ал рубль сәл төмендегенде әлсіреп шыға келуінде. Тап қазіргі уақытта теңге айырбас пунктерінде 382/383,5 теңге шамасында саудалануда, бұл биржадағы саудадан жоғары. Бұл теңгенің құнсыздануы емес, қысқамерзімді әлсіреуі.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 65-66 рубль , бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір доллар 377-382 теңге, бір еуро 422-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 65-66 доллар, биткойн 5700-6200 доллар болады деп отырмын.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық теңгенің еуроға қатысты бағамы тіптен өзгерген жоқ, ал ресейлік рубль мен долларға шаққандағы бағамы нығайды. Әсіресе теңгенің ресейлік валютаға қатысты бағамы айтарлықтай нығайды.
26 сәуір күні Ресей ОБ-сы мөлшерлемені 7,75% шамасында қалдырды, алайда оның II тоқсанда төмендеуі мүмкін екенін атап кетті. Бұл рубль бағамын төмендетті. Сонымен қатар АҚШ-тың Вэнесуэлаға қатысты жағдайынан кейін санкциялардың күшею қаупі де рубль үшін қосымша соққы.
Алайда Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерінің жақсы болуы теңгеге қолдау болды. Ұлттық банк мәліметінше, 2019 жылдың I тоқсанында ақша массасы 6,8%-ға, 19,4 трлн теңгеге дейін қысқарған. Ал 2018 жылы ол 7%-ға өскен болатын. Қазақстанда инфляция сәуір айында 0,5%-ға өсті, бірақ та жылдық көрсеткішпен салыстырғанда оның өскені аса күшті болмай тек 4,9%-ды құрады.
Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 5,79-5,87 теңге, доллар үшін 376-383 теңге, еуро 421-430 теңге болады деп отырмыз.