Валюта болжамы: 7 мамыр-11 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (7 мамыр-11 мамыр).

7 мамыр-11 мамыр7 мамыр-11 мамырға арналған валюта болжамы

Барлық әлемдік валюталарға қатысты нығайып келе жатқан АҚШ доллары abctv.kz дайындаған сарапшылардың кезекті сауалнамасының басты тақырыбы болды. Бұл факторды, әсіресе, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ, Wall Street Invest Partners және IFC Markets компанияларының сарапшылары атап өтті.  Сондай-ақ сарапшылар басқа да әсер етуші сыртқы триггерлер арасынан АҚШ ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені сақтап қалу туралы қабылдаған шешімін(«Альпари», Wall Street Invest Partners), АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіскен келіссөздер («ФИНАМ») мен АҚШ тарапынан Иранға қарсы санкция болуы мүмкін деген (Wall Street Invest Partners) болжамға ереше тоқталып кетті. Сонымен қатар «Телетрейд Групп» компаниясының сарапшылары әлемдік экономиканың жаһандық құлдырауы болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, ал ол Қазақстанға соқпай өтпейтіні белгілі. Сарапшылар энергия тасымалдаушылардың бағаға әсер ететін де атап кетті.

Ал ішкі факторларға келер болсақ, бұл жерде сарапшылар бірнеше триггерге назар аударды. «Альпари» компаниясындағылар Астана банкінің қолма-қол ақшаны ай сайын тек 100 мың теңгеден ғана алуға шектеу қоюына байланысты салымшылары арасындағы дүрлігуге тоқталды. Wall Street Invest Partners және IFC Markets сарапшылары болса наурыз айындағы инфляция деңгейінің төмендеуін сөз етті. Сондай-ақ IFC Markets сарапшылары инвесторлардың Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені төмендетуін күтіп отырғанын айтты.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар

 

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті дирепкторының орынбасары:

7 мамыр-11 мамыр25 сәуір мен 2 мамыр аралығында дамушы елдердің валюта нарығы қызыл аймақтан шыққан жоқ. Бұл негізінен АҚШ ФРС-ның пайыздық мөлшерлеме бойынша отырысының қорытындысын күтумен байланысты болды. Алайда 2 мамыр күнгі отырыста ФРЖ пайыздық мөлшерлемені көтеруден бас тартып, мөлшерлемені 1,5-1,75% шамасында сақтап қалды. Осы шешім шеңберінде дамушы елдер нарығындағы жағымсыз жағдай бірте-бірте басылады. Осы кезеңде Brent маркалы мұнай бағасы 0,2%-ға төмендеді, ал бұл мұнай валюталарына тағы әсер етті.

Қазақстанның ірі банктерінің бірі ­– Астана банкі қолма-қол ақшаны ай сайын тек 100 мың теңгеден ғана беруге шектеу қойды. Бұл салымшылар арасындағы даурығуға әкеліп, шетелден келген  жаңалықтармен бірге теңге бағамына жағымсыз әсерін тигізді. Алайда банк жақын арада барлық проблема шешілетініне және клиенттер алдындағы міндеттер орындалатынына сендіріп отыр.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 330-333 теңгеге дейін жетеді деп отырмыз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,2-5,24 теңгеге дейін өзгеруі мүмкін деген болжамымыз бар.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:    

7 мамыр-11 мамырӨткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша америкалық биржа индикаторлары әртүрлі бағытта жабылды. S&P500 нарығының индексі ақпан айынан бері бесінші рет төмендеп 0,23%-ға түсті де, сауданы 200 көрсеткішпен жапты, ал Dow Jones өндірістік индексі 0,02%-ға өсті, жоғарытехнологиялық NASDAQ  болса 0,18% жоғалтты. 10 жылдық қазынашылық облигациялар екі базистік көрсеткішке төмендеп, 2,95%-ға дейін түсті

Нарық АҚШ пен Қытай арасындағы екі күндік келіссөзді жіті бақылап отыр. Екі күн өткен келіссөздің бірінші күнінде  АҚШ қаржы министрі  Мнучин мен ҚХР мемлекеттік кеңес премьерінің орынбасары Лю Хэ бір шешімге келе алмады. Бейжің өздерінің алдыңғы қатарлы өндірістік бағдарламасынан бас тарту мен сауда тапшылығын Вашингтонның бекіткен сомасына қысқартуға келісуді қарастыратын алдына ала қойылған шартқа келіспей отыр.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай котировкасы 0,89%-ды қосып алып, Saudi Aramco компаниясының азиялық клиенттер үшін маусымдық бағаны көтеру барысында 73,71 доллар шамасында сауданы жапты.

Қазіргі уақытта жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай бағасы 72,10 доллар болып отыр.

Келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы бір  рубль үшін 5,2-5,5 теңге, доллар 327-331 теңге, еуро 394-398 теңге болады деп отырмыз

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:   

7 мамыр-11 мамырӨткен апта бойына АҚШ долларының барлық негізгі валюталарға қатысты бағамы нығаюмен болды. Бұл рубль мен теңгеге қысым жасады.

Батыс санкциялары  жағымсыз жағдайды ұтып, енді рубль доллар бағамына тәуелді болады. Сондықтан алдағы ұзақмерзміде рубльмен салым жасап керек емес. Америкалық еңбек нарығына қатысты мәліметтер шыққанда доллардың қандай болатыны белгілі болады. Валюта бағамында аяқ астынан күрт өзгеріс болады деп ойламаймын.

Сондай-ақ мұнай бағасы да өсіп, 75 доллар деңгейінен аса қояды деген болжам жоқ. Өйткені америкалық қатпарлы мұнай өндірушілерде қарап жатқан жоқ.

Биткоинмен жасалған транзакцияның орташа күндізгі көрсеткіші өсіп келеді, осыдан барып өткен аптада криптовалюта өсті. Келесі аптада шамалы өсу болады деп болжап отырмын.

 Ең басты жаңалықтар ішінен қытайлық Xiaomi компаниясының IPO-ға шығу жоспары бар екенін ерекше атап кетуге болады.

Келесі аптада доллар 328-333 теңге, рубль 5,15-5,30 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 71-75 доллар, бір биткоин 8500 – 11500 АҚШ доллары болады деп болжам жасап отырмын. 

 

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» бас сарапшысы:

7 мамыр-11 мамырӘлемдік нарықтағы жағдай күн өткен сайын қауіпті болып барады. Бұл, ең бірінші, әртүрлі активтердің экономикада және борыштық нарықта болып жатқан жағдай процесімен сәйкес келмеуінде. Әлемдік экономикада жаһандық құлдырау байқалды. Еуропадағы, Азия мен АҚШ-тағы барлық озық макроэкономикалық көрсеткіштер алдағы айда болған  болжамнан не төмен не нашар болып шығып жатыр. Жаһандық құлдырау америкалық корпорациялардың табысының төмендеуіне әкелу мүмкін.

Сондай-ақ қазынашылық облигациялар табысының өсуі инвесторлардың акцияға және басқа да тәуекелді акцияларға деген құлшынысын басады. Техникалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, америкалық индекстер үшін жағдай жақсы болып тұрған жоқ, нарық әзірге 200 шамасындағы көрсеткішті ұстап тұр. Егер таяу арада әлемдік нарықтарда жаппай  құлдырау орын алатын болса, онда ол тәуекелдердің күрт өсуіне, инвесторлардың доллар мен иенге кетуіне, emerging markets акутивтерінен шығуына әкеледі. Осыған байланысты қазақстандық теңгенің долларға шаққандағы бағамы одан әрі түсіп, тіпті бұл процесс жылдамдап кетуі де мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 340-350 теңге болуы мүмкін. Теңгенің еуроға қатысты бағамы 410-420 теңгеге дейін, ал ресейлік рубльге қатысты бағамы  5,2-5,4 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

 

Ілияс  Басшығұл,  Wall Street Invest Partners жетекші сарапшысы:

7 мамыр-11 мамырӨткен аптада ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы әлсіреп,  алдыңғы қатарлы әлемдік валюталардың ізін басты. Негізгі валюталар америкалық долларға қарсы келе алмай, АҚШ долларының одан әрі нығаюына жол аштып берді. Мұнай нарығы Сүрияддағы шиеліністің басылуы мен АҚШ-тағы шикі мұнай қорының күрт өсуінен, еш өзгеріссіз 73-75 доллар шамасында саудалануда. Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) мәліметі бойынша, АҚШ-тағы мұнай қоры өткен аптада 6,22 млн баррельден 435,96 млн баррельге дейін өскен.

Есептік кезеңде АҚШ-та мұнай өндіру тәулігіне 10,62 млн баррельге жетті, бұл рекордтық көрсеткіш. Мұнай бағасын белгілеуге АҚШ тарапынан Иранға қарсы санкцияның болуын күту де әсер етіп отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп 12 мамыр күні Иранмен ядролық келісім бойынша шешімді қабылдауға тиіс. Теһранға қатысты жаңа санкцияларды енгізу – ирандық шикізатты әлемдік нарыққа шығуына шектеу қоюдың жалғасуына әкелу қаупі бар. Егер Иранға қатысты санкция қайта қойылатын болса, онда бұл Иран мұнайын экспортқа шығаруын азайтуға және әлемдік мұнай қорларының төмендеуіне әкеледі, ал бұл мұнай бағасын аспандатып жібереді.

Өткен аптада АҚШ ФРЖ-сы негізгі пайыздық мөлшерлемені 1,50-1,75% шамасында сақтап қалып, имнфляцияның күшеюі америкалық реттеушіні 2% бағдарына жеткізгенін көрсетті.  Мөлшерлемені алдағы уақытта қандай да бір көтеру сөз болған жоқ.

Қазақстан Ұлттық банкі инфляция деңгейін 2016 жылдың шілдесіндегі 17,7% шамасынан 2018 жылдың наурызында 6,5%-ға  түсіре алды. Инфляцияның төмен болуы – елдегі экономиканың және инвестициялық белсенділіктің кепілі. Сонымен қатар несие бойынша мөлшерлемені төмендету үшін басты негіз. Ұлттық банк басшысы  Данияр Ақышевтің айтуынща, орташа мерзімді мақсат инфляцияны 2020 жылдан бастап 4%-дан тқмен ету.

Алдағы аптаға ұсынылып отырған болжам бір доллар  – 326-332 теңге және бір рубль  5,2-5,32 теңге.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:    

7 мамыр-11 мамырӨткен аптада теңгенің доллар мен рубльге қатысты бағамы шамалы әлсіреді. Оған тіпті мұнайдың әлемдік бағасының жоғары болуы да көмек бола алмады. АҚШ доллардың барлық әлемдік валюталарға қатысты бағамы үшінші апта қатарынан нығайып келеді. 

Осы жылдың сәуірінде Қазақстандағы инфляцияның деңгейі  айлық көрсеткіште наурыздағы 0,5%-дан 0,4%-ға түсті. Экономика үшін бұл жақсы фактор. Алайда қазақстандық теңге үшін ол жағымсыз әсер етті.

Теңгеге жағымсыз әсер еткен тағы бір факты зейнетақы қорындағы 600 млн доллор қаражатты коммерциялық банктердің қағазын сатып алуға пайдалану туралы жоспарды жария ету болды. Бұл қаражат қазақстандық экономиканы қаржыландыруға жіберіледі. Дегенмен Ұлттық банк басшысы қазақстандық теңгенің айырбас бағамы тұрақтандырылған деп отыр. Алдағы аптада бір рубль  5,12-5,28 теңге, бір доллар 324-333 теңге болуы мүмкін.

7 мамыр-11 мамыр

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу