Валюта болжамы: 7 тамыз – 11 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (7 тамыз - 11 тамыз аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

7 тамыз – 11 тамызabctv.kz сұрау жүргізген сарапшылардың басым көпшілігі өткен аптада орын алған теңгенің әлсіреуін атап өтті. Мұның себебі ретінде сарапшылар валютаға сұранысты арттырған демалыс маусымын, шетелдік инвесторларға дивиденд төленуін, сондай-ақ АҚШ Ресейге қарсы қабылдаған қосымша санкциялар туындатқан геосаяси жағдайдың ушығуы мен рубльдің әлсіреуін және мұнай бағасының төмендеуін атады. Айта кету керек, соңғы факторлар теңге бағамына келесі аптада да әсер ете бермек.

Энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай шешуші болмақ деп болжайды TeleTrade Central Asia, АО «Астана-Инвест» инвестициялық үйі», «Қазақстандық Қаржы Орталығы» ЖШС, АО «Еуразиялық Капитал» және «ФИНАМ» АҚ сарапшылары.

TeleTrade Central Asia, «Аналитика Онлайн Қазақстан» және «Қазақстандық Қаржы Орталығы» ЖШС сарапшылары теңге мен рубль теңбе-теңдігін және рубль америкалық санкциялар салдарынан бұдан әрмен әлсірейтін болса, теңгені де өзімен бірге тартуы мүмкін екенін атап өтті.

Келесі аптада теңге бағамына ықпал ету мүмкін өзге факторлар қатарында сарапшылар Ресей қаржы министрлігінің валютаны сатып алуы (TeleTrade Central Asia) және макроэкономикалық статистика блогының шығуын («ФИНАМ») атады.

Сарапшылардың егжей-тегжейлі пікірі abctv.kz әзірлеген кезекті сауалнамаға сәйкес, төмендегідей болып отыр.

Наталья Мильчакова, «Альпари» аналитикалық департаменті директорының орынбасары:

7 тамыз – 11 тамыз31 шілде және 3 тамыз аралығындағы қысқа кезеңде дамушы елдердің валюта нарығында сенімсіздік басым болды. Бір валюта тым әлсірегісі, басқасы аса нығайғысы келмеді. Көпшілік дамушы ел нарығы дегенмен әлсіреуді мақұл көрді. Оған бірнеше себебі болды. Біріншіден, мұнай нарығындағы өзгеріс ықпал етті: аталған қысқа мерзімде Brent мұнай маркасы 0,8%-ға арзандады. Екіншіден, Трамптың антиресейлік санкциялары әсерін тигізді. Үшіншіден, Қытай мен АҚШ қарым-қатынасының ушығуы, сонымен қатар, теориялық тұрғыдан соғысқа апарып соғуы мүмкін Қытай мен Үндістан арасындағы даулы жер мәселесіне қатысты шиеленісушілік үлесін қосты. Алайда, Үндістан мен Қытай ұлттық валюта бағамы динамикасына қарағанда, мұның орын алуы екіталай.

Қазақстанда теңге бағамы, тамызда демалыс маусымына байланысты валютаға сұраныстың артуы мен корпорациялардың шетелдік инвесторларына дивидендтердің төлене бастауы, сондай-ақ санкциялар әсерінен Ресейдегі экономикалық жағдайдың құлдырауына қатысты алыпсатарлықтың күтілуін есептемегенде, белгілі бір айтарлықтай себепсіз күрт әлсіреп отыр. Бірақ, Қазақстанның валюта нарығына жағымсыз әсер еткен Азиядағы геосаяси жағдай, оның ішінде Қытай мен Үндістан қарым-қатынасының шиеленісуі болуының ықтималдығы жоғары.

Теңге мен долларға қатысты жаңа диапазон белгілейміз – бір долларға 335-340 теңге, ал теңге және рубль бағамы болжамын рубльге 5,48-5,68 теңгеге дейін өзгертеміз.

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:

7 тамыз – 11 тамызТамыздың бірінші аптасы қазақстандық теңге үшін оңай болмады. Үш күн ішінде ұлттық валюта долларға қатысты 21 теңгеге құлдырап, USD/KZT жұптық есебінде бір долларға 337 теңге көрсеткішіне жетті. Бірақ апта соңына қарай жоғалтқан бір бөлігінің орнын толтырды.

USD/KZT жұбы бағамын о баста мұнай нарығы, одан кейін ғана қосымша факторлар қалыптастырады. Дегенмен, байқағанымыздай, қазақстандық валюта өткен аптада қара алтынның айтарлықтай жоғары құнын елемеді.

Brent барреліне 50 доллардан асатын деңгейде қала берсе, USD/KZT жұбы бір долларға 330-335 теңге аралығында қалыптасады деп толық сенуге болады.

Бәлкім, басты себеп, нарықта ұлттық валюта бағамының қалыптасуында өзгерістер орын алып, бұл айтарлықтай болмаса да, теңгенің өзге валютаға, оның ішінде долларға бағамын өзгертуінде. Шілде айында мұнайдың орташа бағасы баррельге 48,5 долларды құрады: күтілген бюджеттік баға – 50 доллардан төмен болған соң, доллардың теңгеге қатысты бағамының өсуіне ықпал еткен болуы керек.

Келесі аптада рубль қысымға тап болуы мүмкін. Бұған екі фактор әсер етпек. Біріншісі – АҚШ сенатымен ғана қабылданып қоймай, Дональд Трамп қол қойып үлгерген жаңа санкциялар, екіншісі – қаржы министрлігінің валютаны сатып алуы.

Санкцияларды күшейту туралы заңға қол қоюдың бұрын-соңды болмаған нарық реакциясын туғызбауы себебі, бұл факторды ресейлік валюта бағамы ішінара ескерген болатын. Алайда, бұл жерде нарық қатысушылары үшін орта-ұзақмерзімді «тітіркендіргіш» пайда болмақ. Санкция шарттары алдыңғыларына қарағанда анағұрлым қатаң болып шықты, бұл Ресей экономикасы дамуына әсерін тигізбей қоймайды. Санкциялар кем дегенде экономикадағы рецессияға (баяулау) апаруы мүмкін, аталған жағдай РФ ұлттық валютасы бағамына жағымсыз ықпал ететін болады.

Тамызда төлемдік баланстың теріс сальдосы күтіледі. Қаржы министрлігінің валютаны ертерек сатып алуы, мұнай өсімі оның рубльдегі бағасын 170 рубльге дейін көтеруге мүмкіндік беріп, мұнайгаз табысының 47,6 млрд-қа өсуіне әкелгендіктен, рубль бағамына әсер етпеді деуге болса, қазірде, үшінші тоқсанда 3-5 млрд доллар көлемінде жетімсіздіктің болжануы себебінен, қаржы министрлігі тарапынан шетелдік валютаға сұраныс рубльді «тұралатуы» мүмкін.

Ресей мен Қазақстан экономикасы шектестігі (бұрын аталмыш фактор бүгінгідей деңдейде ескерілмейтін) және АҚШ долларына валюталар бағамының екіжақты қарымақысы есебінен RUB/KZT жұбы ресейлік валюта бірлігіне 5,47-5,58 аралығында саудаланатын болады.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

7 тамыз – 11 тамызӨткен апта ушыққан геосаяси жағдайлар себебінен рубль мен теңгенің әлсіреуімен ерекшеленді. Екінші тамызда АҚШ президенті Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заңға қол қойып, бұл рубльдің құлдырауын жеделдетті. Жаңа антиресейлік санкциялар ресейлік шикізат жобаларына инвестиция көлеміне және ресейлік банктерге қарыз беруге шектеу орнатты. Теңгеге геосаяси жағдайдың ушығуы мен рубльдің әлсіреуі бірден әсер етті, БАҚ-та ұлттық валютаның құнсызданатыны жайлы қауесеттің көпірте таратылуы да жағымсыз ықпалын тигізді. Теңгенің мұндай күрт әлсіреуіне іргелі себеп болған жоқ, ал валютаға жоғары сұраныс нарық қатысушыларының санкцияларға қатысты қаупі және тұрғындардың реттеуші саясатына сенбеушілігімен байланысты деп есептейміз.

Өткен аптада РФ Қаржы министрлігі федералдық қарыз облигацияларын сәтті үлестірді, бұл кэрри-трейдерлердің рубльдік инвестицияға қызығушылы сақталды деген сөз. Рубль апта соңына таман жоғалтқан бір бөлігінің орнын толтырды және келесі аптада нығайып, мұнаймен арақатынастығын қайтаруға тырысуы мүмкін. Дегенмен, нығаю қарымы жаңалықтар аясы мен мұнай бағасы динамикасына тәуелді болмақ. Маусымдық жағдай, тамызда, ағымдық операциялар шоты тапшылығымен және келіп түскен дивидендтер айырбасымен байланысты, рубльдің әлсіреуі күтіледі. Сондықтан, рубль мен теңгеге төнетін қауіп жоғары деңгейде қалмақ. Келесі аптада рубль АҚШ долларына 59-61 аралығында саудаланады, USD/KZT бағамы 329-334, RUB/KZT - 5,50-5,60 болады деп болжап отырмыз.

Әліби Нұрбаев, «Қазақстандық Қаржы Орталығы» ЖШС бас талдаушысы:

7 тамыз – 11 тамызӨткен жұмада теңге бағамының АҚШ долларына қатысты аса құбылмалылығына куә болдық. Аталған күрт құбылудың негізгі екі себебі бар – ОПЕК экспортының өсімі, АҚШ шикізаты өндірісін ұлғайту салдарынан мұнай бағасы төмендеуінің жалғасуы, және де, әрине, Дональд Трамптың Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізу туралы заңға қол қоюы.

ОПЕК мұнайы экспорты шілдеде тәулігіне 26,11 млн баррельге дейін өсті, АҚШ шикізат өндірісі көлемі тәулігіне 9,43 млн баррельге дейін ұлғаюы бағаның бір баррельге 53 доллардан жоғары деңгейде орнығуына мүмкіндік бермей тұр. Ресей валютасы АҚШ долларына қатысты шығынға ұшырауын жалғастыруда, осы сәтте баға долларға 61 рубль деңгейінде тұр.

Мұнай бағасы төмендеп, рубль бағамы АҚШ долларына қатысты әлсірей берсе, теңгенің де төмендеу динамикасы жалғасуы мүмкін.

USD/KZT валюталық жұбы болжамы келесі аптаға 332-337, RUB/KZT – 5,50-5,60.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ талдаушысы:

7 тамыз – 11 тамызАйтарлықтай әлсіреуден кейін, келесі аптада теңге бағамының, мұнай нарығындағы жағдай айтарлықтай тұрақты болуы себепті, қалпына келуі процесі жүруі мүмкін. Brent мұнайы баррелі бағасы 51-52 доллар аясында, бұған АҚШ мұнайы қорының азаюы жайындағы соңғы мәліметтер мен ОПЕК қатысушыларының жұбаныш боларлық мәлімдемелері сеп. Біз ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты 331-334 аралығында күшеюін күтеміз. Біздің болжауымыз бойынша рубльге теңгенің бағамы 5,50-5,58 болмақ.

 

 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

7 тамыз – 11 тамызӨткен апта барысында теңге құнсызданумен болды, АҚШ долларына жоғарғы бағам 340 теңгені құрағанмен, жұмаға қарай валюта 333-ке түсті. Меніңше, Қазақстанның ұлттық валютасы әлсіреуінің жалғыз себебі қазақстандық биржада долларды сатып алудың жоғарғы көлемдері, жалпы көлем – 449 млн USD (+366 млн USD). USD-ға қызығушылықтың күрт артуын АҚШ президенті Ресейге қарсы жаңа санкциялардың енгізілуі туралы жобаға қол қоюымен түсіндіруге болады. Осыған байланысты, нарық қатысушылары жаңа санкциялар салдарынан Ресейде орны алуы мүмкін рубльдің құнсыздануынан қорқады, ал Қазақстанда RUB/KZT теңбе-теңділігі 5,4-5,55-ті құрайтындықтан, рубльден АҚШ долларына қатысты құнсыздануы теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне алып келеді. Келесі апта бойында, менің ойымша, мұндай күрт құбылушылық орын алмайды, өйткені жаңа санкцияның енгізілуі рубльге айтарлықтай әсер етпеді, ал АҚШ долларына 332-337 теңге аралығында саудаланатын болады, рубль мен теңге бағамы бұрынғыдай 5,4-5,55 теңбе-теңдікті сақтайды.

Алексей Коренев, «ФИНАМ» компаниялар тобы талдаушысы:

7 тамыз – 11 тамызКелесі жетіде американдық қор нарықтарында түзетулерді күтуге болады, мұның ауқымы мұнай бағасы құбылуына және макроэкономикалық статистиканың шығуына байланысты. Бұл ретте корпоративтік есептілік мәліметінің ықпалы азаяды: тоқсандық есеп маусымы аяқталуға жақын. Бұл апта барысында мұнай бағасының белгіленуі оның алдындағы аптаның айтарлықтай өсімінен соң бірталай құбылмалылықты көрсеткенін ескере отырып, келесі аптада оның бағасы елеулі ауытқуына және ары қарайғы қозғалыс бағытын анықтауға талпынысқа куә болуымыз мүмкін. Қазіргі кезде Brent мұнай маркасының бағасы барреліне 52,02 доллар, ал WTI маркасы – бір баррельге 49,06 доллар. Келесі апта бойында мұнай бір баррельге 50,0-50,6 долларға дейін түзетілу жағына қарай ығысуы да мүмкін, бұл қазақстандық валютаның түзетілуіне әсер етеді. Одан бөлек, макроэкономикалық статистиканың айтарлықтай бөлігі жарық көрмек. Оның ішінде – АҚШ еңбек нарығындағы бос орындар саны, әлемнің барлық жетекші елдері бойынша дерлік тұтынушылық бағалар индексі, АҚШ өндірушілері бағалары индексі, сонымен қатар, АҚШ шикі мұнай қоры мәліметтері шығады. Американдық сауда алаңдарының ысынуы және Еуропа биржаларындағы көпмәнді көрінісі мұнай баға белгіленімдерінің күйгелектігін қоса алғанда, келесі жұмадағы теңге бағамын бір долларға 337-339 теңге және рубльге 5,57-5,59 теңге деңгейіне төмендетуі мүмкін.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets талдаушысы:

7 тамыз – 11 тамызМен үшін өткен аптадағы теңге бағамының қатты әлсіреуі күтпеген жағдай болды. Бұл шетел капиталының жылыстауы салдары деп болжауға ғана келеді. Қазақстанның күнделікті шоты сальдосы жақсарып келе жатқанмен, әлі де теріс мәнде қалып отыр ғой. Сонымен қатар, долларға жоғары сұранысты шетелдік инвесторларға дивидендтің төленуі және жазғы демалыс маусымы да туғызған болуы мүмкін. Осы аптада валюталық бағамы мұнайдың айтарлықтай жоғары бағасы аясында бір долларға 327-337 теңге және ресей рублі 5,47-5,57 теңге аралығында тұрақтайды болжаймын.

 

7 тамыз – 11 тамыз

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу