Валюта болжамы: 8 - 12 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Осы жылдың алғашқы жарты жылдығы  соңында  МЭЕҰ елдері мен басқа да ірі мұнай өндірушілер арасындағы мұнай келісімі мерзімінің аяқталуы, келісімді ұзарту мәселесін көтереді. Осыған орай, abctv.kz бетінде болжанғандай, Кремль тарапынан жасалған әртүрлі мәлімдеме мұнай бағасын түсіріп жіберді. Бұл шикізат валютасы саналатын рубль мен теңгеге бірден әсер етті.   Мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімшартты ұзартуға қатысты  нақты шешімнің болмауы, шикізаттық валюталарға қысым жасайды. Сарапшылар алдағы аптада да әлсіреу трендінің сақталатынын айтады.  Толығырақ ойыншылардың пікірін төмендегі abctv.kz дайындаған сарапшылардың сауалнамасынан біле аласыздар

Наталья Мильчакова,  «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:

8 - 12 мамырӨткен аптада Қазақстанның энергетика министрлігі Қазақстан осы жылдың екінші жарты жылдығында мұнай өндіруді шектеу мерзімін ұзарту туралы жаңа келісімге қатысу шартын талқылауға  дайын екендігін айтқан болатын. Бұдан бұрын Қазақстанның энергетика министрлігі мамыр-маусым айында елдегі мұнай өндіру (еске салсақ, алғашқы тоқсанда Қазақстандағы мұнай өндіру Қашаған мен Теңіздегі жаңа кен орнындағы мұнай өндіру есебінен 5%-ға)  айтарлықтай қысқаратындығын мәлімдеген. Қазақстан үкіметі бұдан бұрын Қашаған кен орны 2017 жылы шығынның орнын толтыруға шықты, енді Қазақстан үшін мұнай өндіруді қысқартудың қажеті жоқ деген болатын. Алайда бұл жаңалық қор және валюта нарығы үшін  жағымды жаңалық болғанмен де, теңге бағамына аса қатты әсер етпеді.

Теңгенің долларға қатысты бағамын 314-316 теңге деңгейінде болады деп  болжап отырмыз.

Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының бас сарапшысы:

8 - 12 мамырМамыр айының алғашқы аптасында ресей валютасының доллар мен еуро қатысты бағамының құлдыраған тұсында теңге/рубль жұбы айтарлықтай әлсіреді. Апта шамамен 5,44 теңге/рубль белгісінде аяқталады. Мамыр айының екінші аптасында теңге/рубль жұбы  5,35-5,50 шегінде болады деп ойлаймыз. Мүмкін рубльдің әлсіреу сатысы аяқталмаған шығар. Ол әлсіреудің бастапқы кезеңінде сияқты.

 

 

 

Евгений Чекай,  «АНАЛИТИКА Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:

8 - 12 мамырМұнай бағасының төмендеуі қазір валюта нарығына қатты әсер етіп,  рубль, канадалық және аустриялық доллар сияқты шикізаттық валюталарды есептемегенде, өзімен бірге доллларды төмен тартып барады. Мұнай нарығында айтарлықтай көлемде  жаппай сатылым болуы мүмкін, ал бұл 45-47 долларға дейін түсуге әкеледі. Сондай-ақ бұл алтынның бағасын да түсіруі мүмкін. Осының барлығы теңге бағамына жағымсыз әсер етеді, менің болжамым бір доллар бағасы 319-320 теңге болады. Осының нәтижесінде ресейлік валюта  қысымға түседі, сол себепті бір рубль бағасы – 5,8-5,9 теңге.

 

Ерлан Қойшыбаев,  Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

8 - 12 мамырМұнай бағасының бір баррель үшін 46 долларға дейін айтарлықтай төмендеуі, KASE-де валютаны сатып алу көлемінің артуы және АҚШ-тың ауыл шаруашылығына жатпайтын салада жұмыспен қамту бойынша оң мәліметі теңге бағамының біршама төмендеуіне себеп болуы мүмкін. Алдағы аптада доллар бағамы 314-324 теңге болады деп болжануда.

RTS индексінің жетекші акцияларын бағалаудың төмендеуі және мұнай бағасы ресейлік рубльдің құнын төмендетуге әкелуі мүмкін. Сондықтан айырбастау бағамы бір рубль үшін 5,0-5,8 теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

8 - 12 мамырӨткен апта мұнай нарығындағы бағаның күрт төмендеуімен есте қалды. Бейсенбі күні мұнай бағасы 5%-дан асып түсті, осының салдарынан рубль мен теңгенің долларға қатысты бағамы айтарлықтай әлсіреді. Мұнай бағасының соншалықты түсуіне бірыңғай себеп жоқ, тек Ливияда ішкі шиеліністі реттеуге, мұнай өндіруді арттыруға мүмкіндік беретін келісім жасалуы туралы жаңалық энергия тасымалдаушыларға қысым болды деп қана болжауға болады.  Сонымен бірге нарықта  АҚШ және басқа МЭЕҰ-ға кірмейтін елдерде мұнай өндірудің өсуіне қатысты қауіптің күшеюі байқалып отыр.

Сондай-ақ техникалық фактор да өз әсерін тигізбей қоймады,  доллар деңгейіндегі баға алыпсатарлар үшін тиімді болды. Келесі аптада мұнай бағасы шамалы ретке келіп, нарық 25 мамыр күні өтетін картел отырысында МЭЕҰ келісімін ұзартуға мүмкіндік алады деп ойлаймыз. Алда ұзақ демалыс, осы уақыт ішінде мұнай бағасы 50 доллардан төмен түсіп, рубль мен теңге өсе қояды деп ойламаймыз. Алдағы аптада USD/KZT жұбы бойынша ауқым – 316-320, RUB/KZT жұбы бойынша - 5,40-5,50 теңге деп болжанып отыр.

Сергей  Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптамалық тобының басшысы:

8 - 12 мамырАлда болжанғандай қазақстандық теңге долларға қатысты бағамы 311-316 теңге шегінде саудаланды, ал рубль болса болжанған 5,3-5,45 шегіне шамалы ғана жетпей қалды. Келесі аптада теңге долларға қатысты бағам қысымында болып, өзінің ресейлік рубльге қатысты бағамын сақтап қалады.

2-3 мамырда өткен отырыста АҚШ ФПЖ-сы монетарлық саясатты күшейтуге шешім қабылдады. ФРЖ негізгі мөлшерлеме ауқымын бұған дейін болжанған 0,75-1,00% деңгейінде сақтап, еңбек нарығы жағдайының жақсы болуы, реттеуші мөлшерлемені бір жыл ішінде екі рет көтереді деген сөз. Сондай-ақ ОБ тұтынушылық шығындар жақсы деңгейде екенін, коммерциялық кәсіпорындар инвестициясы өскенін, ал инфляция реттеушінің мақсатына жақын екенін көрсетті.

Бейсенбі күні, 4 мамырда АҚШ конгресі екінші отырыста Obamacare денсаулық сақтау туралы заңды жою жобасын қабылдады. Бұл осы мәселеде Трамптың толық жеңіске жеткенін айтады, әрине, бірдеңе деп айту ерте, бірақ нарық қатысушылары бұл оқиғаны жағымды қабылдады. 

Сондай-ақ  арзан мұнай долларға қолдау болады. 4 мамыр күнгі саудада мұнай бағасы бір баррель үшін 50 доллар деңгейіндегі психологиялық жағдайды бастан өткерді, яғни «қара алтынның» бір бөшкесі 47 доллар болып шыға келді. Мұнай нарығына қатысты жағдай әлі де ширығып тұр. Өндірілген мұнайдың жалпы көлемі әлемдік нарық сұранысын арттыруда. МЭЕҰ-ның мұнай өндіруді қысқартуы АҚШ мұнай өндіруінің өсу есебінен толығымен жабылуда. Нарық қатысушылары МЭЕҰ-ның мұнай өндіруді шектеу мерзімін қысқарту туралы  келісімді ұзарту шешімі мұнай бағасын арттырады немесе ұстап тұрады дегенге сенбейді.  Ал «қатпарлы» мұнай өндірушілер қатпарлы мұнай өндіруге жаңғырту жүргізу оны 43-45 доллар бағасында тиімді ететін айтып, жағымсыз жағдайды одан әрі өршітті. Осыған қарағанда бір баррель үшін 55-60 доллар бағасы жақын арада болмайды.

ҚР бюджетінде бір баррельдің бағасы 50 доллар көлемінде болады делінген, егер мұнай бағасы бұл деңгейден төмендейтін болса, онда ел бюджетінде үлкен тапшылық пайда болады. Ал бұл қазақстандық теңгенің әлсіреуі үшін қосымша фактор болады.

Мұның барлығы келесі аптада АҚШ доллары 315-320 теңге болуы мүмкін дегенге әкеп саяды.

Ал келесі апта ресей валютасы үшін қиын уақыт болады. Егер мамыр айының басында салықтық кезеңмен сақталып, мұнай бағасының төмендеуіне мән бермеген болса, ал қазір рубльді қолдайтын ештеңе қалмады.  

Мұнай бағасының 50 доллардан төмен болуы РФ-ның бюджеттік қаражатына қауіп төндіруде. Егер қарапайым арифметикаға сүйенер болсақ, онда америкалық доллар бағамы бір баррель үшін 3075/50 = 61,5 рубль болып, ал мұнай бір баррель үшін 50 доллар болатын белгіден төмен түсіп кетті.

РФ-ның Орталық банктің соңғы отырысында пайыздық мөлшерлемені 50 базистен 9,25%-ға дейін төмендетті. Базалық мөлшерлеменің төмендеуі ұлттық валюта бағамының төмендеуіне әкеледі.

Осының нәтижесінде ресейлік валюта бағамы бір доллар үшін 58-63 рубль шегінде қалыптасуы мүмкін.

Ал бұл теңге әсер етпей қоймайды. Алдағы аптада RUB/KZT жұбы – 5,3-5,4 теңге болады деп болжануда.

Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы:

8 - 12 мамырРубль және теңге бағамын әлемдік мұнай бағасының динамикасы белгілейтін болады. Өткен аптада қара алтын бағасының күрт ауытқуы бірнеше факторға негізделді. Олардың ішінде АҚШ мұнай қорының сарапшылардың болжап отырған деңгейінен артық болуы, АҚШ-та мұнай өндіруді арттыру, Саудиядағы мұнай экспортын арттыру болжамы туралы хабардың болуы, сондай-ақ Ливияның өндіруді арттыруы бар. Осының салдарынан рубль мен теңге өз шегінен төмендеп кетті. Біздің болжамымыз бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы Венадағы саммиттен кейін 49-50 доллар деңгейінде тұрақтайды. Егер бұл іске асатын болса, онда теңге мерекеден кейін нығаяды.  Теңгенің долларға қатысты  бағамы 316-318  теңге болады. Ал рубль/теңге жұбы бойынша ауқым –  5,45-5,55 теңге болады деп болжануда.

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

8 - 12 мамырМұнайдың әлемдік бағасының 5 айлық көрсеткішке дейін түсуі қазақстандық валютаның  әлсіреуіне негізгі фактор болып табылады.  Қазір Brent маркалы мұнай бағасы 2017 жылдың басындағы деңгейден 16%-ға төмен. Сонымен бірге ұлттық теңгенің долларға қатысты бағамы жыл басындағы бағамға қарағанда 5%-ға жоғары. Менің ойымша, бұл айырмашылық тым үлкен. Алдағы аптада болжам ауқымы бір доллар үшін 314-324 теңге болуы мүмкін. Ал рульге қатысты ауытқу ауқымы 5,3-5,6 теңге болуы мүмкін.

 

Богдан Зварич,  «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:

8 - 12 мамырАлдағы аптада теңге үшін ең басты нәрсе мұнай бағасы. Сонымен бірге таяу арада көмірсутегі нарығындағы беталыс та өзгеруі мүмкін. МЭЕҰ саммиті жақындаған сайын келісімнің ұзартылуына қатысты инвесторлардың сенімі артуда. Осымен бірге жақын арада АҚШ-та бензин қоры төмендейді. Нәтижесінде мұның бәрі энергия тасымалдаушылар нарығын қолдауға және оны қалыпқа келтіруге әкелуі мүмкін.

Бұл теңгенің нығаюы мен америкалық валютаның 313 теңгеге дейін төмендеуіне себеп болады. Сондай-ақ инвесторлар АҚШ-тың маңызды макроэкономикалық статистикасына мән беруі керек. Өйткені бұл америкалық реттеушілердің мөлшерлемені көтеруіне, осыған орай халықаралық валюта нарығында доллар бағамы динамикасына әсер етуі мүмкін.

Рубль динамикасы жайлы айтар болсақ, онда ресейлік валюта алдағы аптада 5,5 теңге межеге шығуы мүмкін. 

8 - 12 мамыр

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу