Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
06.4.2019 |
378,75-380,10 |
ГК «ФИНАМ»
06.4.2019 |
377-382 |
Астана-Инвест
06.4.2019 |
375-380 |
IFC Markets
06.4.2019 |
375-382 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
06.4.2019 |
5,75-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
06.4.2019 |
5,7-6 |
Астана-Инвест
06.4.2019 |
5,75-5,85 |
IFC Markets
06.4.2019 |
5,74-5,88 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
06.4.2019 |
425-427,00 |
ГК «ФИНАМ»
06.4.2019 |
427-431 |
Астана-Инвест
06.4.2019 |
420-430 |
IFC Markets
06.4.2019 |
422-431 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
06.4.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
06.4.2019 |
|
Астана-Инвест
06.4.2019 |
|
IFC Markets
06.4.2019 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (8 сәуір – 12 сәуір).
Өткен апта теңге үшін табысты болып, Қазақстан валютасының доллар мен рубльге қатысты бағамы нығайды. Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың пікірінше, бұған сыртқы факторлар әсер еткен. Біздің сауалнамаға қатысқан сарапшылар ең бірінші мұнай бағасының өсу әсеріне тоқталды. Сарапшылар басқа да триггерлер ішінен әлем инвесторларының тәуекелге деген көзқарасына («Альпари»), АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынасына («ФИНАМ») және Ресейге қарсы жаңа санкцияларға («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ) мән берді.
Сондай-ақ сарапшылар Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банктің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған келісімді жүзеге асыруына («Альпари») және наурыз айындағы инфляция бойынша макроэкономикалық мәліметтердің жақсы болғаны (IFC Markets) сияқты бірқатар ішкі факторларды да атап кетті.
Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz. дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:
Апта соңына қарай Қазақстан теңгесінің нығаюы тоқтап, доллар күшіне міне бастады. 5 сәуір күні KASE-дегі таңғы саудада доллар 379,70 теңге болып, алдағы күнге қарағанда едәуір жоғары болды. Бұл біріншіден, мұнай секторындағы жағдайдың өзгеруімен байланысты. Brent маркалы мұнайдың бағасы 70 доллардан аса алмай, бүгін шамалы төмендеп 69,17 доллар шамасында саудалануда.
Қысқамерзімді құбылмалық шамасы доллар үшін 379,45-379,85 теңге, еуро үшін 425,85-426,55, рубль үшін 5,79-5,83 теңге болады деп болжанып отыр.
Сәуір айының екінші аптасындағы валюта бағамына мұнай жағдайы мен әлем инвесторларының тәуекелге деген көзқарасы негіз болмақ. Шамамен құбылмалық деңгейі мындай: теңге/USD -378,75-380,10, теңге/EUR- 425-427,00 теңге, теңге/рубль - 5,75-5,85 теңге.
Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк арасындағы қол қойылған құжатта атап көрсетілгендей, бірлескен жұмыстың басты мақсаты - елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қаматамасыз ету. Стратегия он қадамнан тұрады, оның тең жартысын сараптамалық қауымдастық мүлдем жаңа деп бағалап отыр.
Мәселен, құжаттағы тармақтардың ең біріншісі – теңгерімді қазынашылық саясат. Бұл тұтынушылық баға индексін қадағалау мен валюта нарығындағы тепе-теңдікті сақтау деген сөз. Сонымен қатар құнды қағаздар нарығын дамыту мен экономикаға мемлекеттік қолдау көрсетуде қарастырылып отыр.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келісімі аяқталады деген үмітпен өткен аптадағы сауда қорытындысында Америка биржа индикаторлары оң көрсеткіш көрсетті.
S&P 500 индексінің фьючерсі 0,21%-ды қосып алып, сауданы 2879,39 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,64%-ды өсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,05%-ға түсті. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі бір базистік көрсеткішке 2,52%-ға дейін түсті. Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,1%-ға өсті.
Келіссөздерді жалғастыру үшін бейсенбі күні Вашингтонға ҚХР мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ келді және нарықтар Дональд Трамптың Қытайдың жоғары лауазымды шенеунігімен кездесетінін жақсылыққа жорып отыр.
Сауда келіссөздерінің барысымен таныс дереккөздерінің мәліметінше, Қытай мен Америка арасындағы сауда келісімі аяқталуға жақын. Алайда әзірленіп жатқан келісім нарық ойыншыларының көңілінен шықпауы мүмкін, өйткені келісім Қытай тарапының өзіне алған міндеттерін 2025 жылға дейін асықпай орындауға мүмкіндік береді.
Өткен саудада Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 2018 жылдың қарашасынан бері алғаш рет 70 долларға көтерілді. Алайда ойыншылар аталған шектен асып кете алмады.
Тап осы уақытта мұнай бағасының өсуі Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келісімінің аяқтаулын күтумен байланысты болып отыр. нарықтардың пікірінше, сауда келісімі әлемдік экономиканың баяулау тәукелінің жартысын сырып тастап, энергия тасымалдаушыларға деген сұранысты тұрақты етеді. Дегенмен нарыққа қатысушылар АҚШ биржаларындағы оптимизм аяқталысымен, ойыншылар Brent және WTI-ге арналған, фьючерстік келісімшарттарды жаппай сата бастайды.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,7-6теңге, долларға қатысты бағамы 377-382 теңге және еуроға қатысты бағамы 427-431 теңге болады деп болжап отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Өткен аптада жаңа санкциялар туралы жаңалықтар шыққаннан кейін, рубль шамалы әлсіреді. Алайда мұнай бағасының өсуі мен инвесторлардың аталған жаңалықты сабырлы қабылдауынан әлсіреу болар-болмас қана болды. Санкциялар туралы жаңа заңжобасының мазмұны қандай болатыны әзірге белгісіз, сондықтан рубльдің реакциясы жайлы болжау қиын, бірақ та теңгеге әсер ететіндей үлкен құбылмалық болады деп ойламаймын. Қазіргі таңда бір рубль 5,8 теңге шамасында саудалануда, мен бұл бағамды бұрынғыша жоғары деп есептеймін. Өйткені соңғы апталарда рубльдің долларға қатысты бағамы нығайды, ал теңге болса бір орнында тұралады да тұрды. Сондықтан теңге/доллар бағамы төмен болу керек.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64,5-66 рубль, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 420-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 68-70 доллар, биткоин 4800-5300 болады деп отырмын.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада Қазақстан теңгесінің доллар мен рубльге қатысты бағамы нығайды, ал еуроға қатысты бағамы еш өзгермеді. Оң беталысқа ОПЕК-тегі өндіру қысқару салдарынан мұнай бағасының өсуі түрткі болды.
Сонымен қатар валюта нарығы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін толық тапсырғанына бейімделіп қалды. Бұл тәуекуелді азайтты.
Наурыз айы бойынша инфляцияға қатысты макроэкономикалық мәліметтер жақсы болып шықты. Ол жылдық көрсеткіште 4,8% болып, 2018 жылғы инфляциядан 5,3%-ға және Ұлттық банк мөлшерлемесінен төмен болды. Сондай-ақ ұлттық валютаға 2019 жылдың қаңтар-ақпанында ақша массасының 2%-ға қысқарғаны да көмек болған сияқты.
Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,74-5,88 теңге, бір доллар үшін 375-382 теңге, бір еуро 422-431 теңге болады деп болжап отырмыз.