Валюта болжамы: 9 қазан - 13 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (9 қазан  - 13 қазан   аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады. 

Мұнай нарығындағы тұрақсыздық пен құбылмалық алдағы аптадағы теңгенің құнын белгілейтін негізі фактор болмақ. «Астана-Инвест инвестициялық үй» АҚ және TeleTrade Central Asia, «Альпари», «ФИНАМ»,  IFC Markets компаниясының  сарапшылары осындай пікір ұстанып отыр.

Сондай-ақ TeleTrade Central Asia және IFC Markets өкілдері ҚР Ұлттық банктің техникалық комитетінің алдағы уақытта базалық мөлшерлеме бойынша өтетін отырысына да мән берді. Олардың ойынша, реттеуші теңгенің жақында әлсірегенін ескеріп, базалық мөлшерлемені төмендетуді әзірге кейінге қалдырады.

АҚШ-тың статистикалық мәліметін жариялау және АҚШ федералды резервтік жүйесінің желтоқсанда пайыздық мөлшерлемені арттыруы мүмкін екендігі («Қазақстан қор орталығы»ЖШС), АҚШ палата өкілдерінің келесі жылға бюджет жобасын белгілеуі («Альпари», «Астана-Инвест») және ресейлік валютаның жағдайы (TeleTrade Central Asia) теңгенің бағамына әсер ететін басқа да сыртқы факторларға жатады.

Сарапшылардың егжей-тегжейлі пікірі abctv.kz әзірлеген кезекті сауалнамаға сәйкес, төмендегідей болып отыр.

Анна Бодрова,  «Альпари» компаниясының аға сарапшысы: 

9 қазан  - 13 қазан

Алдағы аптада теңге/доллар жұбы 341-345 теңге шамасында, ал рубль/теңге жұбы 5,90-6,03 теңге ауқымында саудаланады. Көп нәрсе мұнай нарығындағы жағдайға тәуелді болып отыр. Мұнай нарығында елеулі жаңалық болмауы теңге үшін жақсы. Ал ресейлік рубльді айтар болсақ, онда ол ФҚО-ға деген сұраныс есебінен тағы бір апта өз күшінде болады. 

 

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржы орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

9 қазан  - 13 қазан

Ауылшаруашылығы емес сектордағы (Nonfarm Payrolls) жаңа жұмыс орындарының саны бойынша мәліметтің жариялануы негізінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы одан әрі әлсірейді. Жұма күнгі жұмыспен қамту туралы есеп шықпастан бұрын америкалық доллардың басқа алдыңғы қатардағы валюталарға қатысты бағамы нығайған. Американың соңғы экономикалық есебі жаман болған жоқ, яғни өндірістік тапсырыс көлемі артып, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға деген өтініштер саны азайған, сондай-ақ сауда тапшылығы қысқарған. Нарық қатысушыларының көбісі Харви мен Ирма дауылының салдары экономикалық есепке әсер етіп, АҚШ долларының әлсіреуіне әкелуі мүмкін деп күткен болатын. Бірақ та доллардың әлсіреуі уақытша ғана болатын сияқты, өйткені ФРЖ желтоқсан айында мөлшерлемені арттыруды көздеп отыр. Бұған дейін әлі тағы үш экономикалық есепті көретін боламыз, сондықтан есеп мәліметі ФРЖ-ның ақша-несие саясатына қатысты айтқандарына әсер етпейді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, егер доллар өзінің өсуін арттыратын болса, ұлттық валюта бағамы одан әрі қысым астында қалады.

Келесі аптада USD/KZT жұбы бойынша болжамымыз 342-347, RUB/KZT жұбы бойынша  – 5,97-6,05

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы: 

9 қазан  - 13 қазан

Өткен апта доллардың өсуі аясында дамушы нарыққа деген қызығушылықтың соншалықты өспегенін көрсетеді. Өткен аптадағы мұнайдың өсуі мен ФҚО табысты орналастыру рубльге үлкен қолдау болды. Мұнайдың өсуіне Саудияның жасаған мәлімдемесі мен Ресейдің келісім мерзімін келесі жылдың соңына дейін созу туралы мүмкіндік себеп болды. ФҚО-ға деген сұраныс статистикаға қолдау болып, ол инфляцияны баяулатты. Инфляция бойынша жақсы статистиканың болуы ­ ­- Орталық банктің қазан айының соңында мөлшерлемені түсіруі үшін тағы бір аргумент. Ал рубль активтерінен келетін капитал ағынының өсуіне әкеледі.

Рубльдің нығаю әлеуеті шектеулі деп ойлаймыз. Инфляция бойынша статистика және мұнайдың қарқынды өсуі аясында рубльдің әлсіз өсуі- америкалық валюта раллиі рубльдің пайдасына жұмыс істемей тұрғанын көрсетеді.

ҚР Ұлттық банкінің мәлімдемесі бойынша, қыркүйекте реттеуші  валюта нарығында шетелдік валюта саудасы түрінде нетто-интервенция өткізген. Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы мұнайдың өскеніне қарамастан, жылдық шекке жетті. Бұл жекелеген ойыншылардың алыпсатарлық әрекетімен байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ шетелдік валютадағы қарыздарын жабу кезіндегі валютаға деген сұраныстан туындауы мүмкін.

Келесі аптада USD/RUB  жұбы бойынша ауқым 57,5-58,5, USD/KZT жұбы бойынша– 342-348, RUB/KZT  – 5,9-6,1 болады деп отырмыз. 

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:

9 қазан  - 13 қазан

Теңгенің бағамы мұнай нарығына, рубль және Ұлттық банкке тәуелді болады.

АҚШ пен ОПЕК-тің мәліметі бірдей болмауы мұнай нарығына қажетті бағытты таңдауға мүмкіндік бермей отыр. Сонымен бірге АҚШ энергетика министрлігі шикі мұнай қорын 6 млн баррельге қысқаруы мүмкін екенін айтып отыр. Алайда бензин қоры 1,6 млн-ға өскен. Халықаралық энергетика агенттігінің айтуынша АҚШ-та мұнай өндіру тәулігіне 9,55 млн баррельге дейін өседі. Сондай-ақ ОПЕК өткен айда мұнай өндіру көлемін 50 мың баррельден 32,88 млн баррельге дейін арттырған. Алайда мұның бәрі жалпы әлемдік мұнай қорын төмендетпейді. Бұған қосымша тақтатастан мұнай өндірушілер өз жұмыстарын қайта жандандыруда. Baker Hughes есебі бойынша, 1 қазанға дейін 6 жаңа мұнай бұрғылау кешені іске қосылған. ОПЕК те мұнай өндіруді шектеуге қатысты келісімшарт мәселесін талқылағысы келіп отыр. Осының барлығы мұнай бағасына әсер етуде.

Дүйсенбі, 9 қазан күні ҚР Ұлттық банкі кезекті отырыс өткізеді. Отырыста пайыздық мөлшерелеме бойынша шешім қабылданады. Макростатистикаға қарайтын блсақ, Қазақстан экономикасы тұрақты. Менің ойымша Ұлттық банк мөлшерлемені төмендетуді тоқтатады. Өйткені теңгенің әлсіреуі реттеушінің жоспарында жоқ.

Егер мұнай нарығы бір баррель үшін 55 доллардан төмендейтін болса, онда Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені 10%-ға төмендетеді. USD/KZT 345-348 теңге шамасында саудаланады.

Ресейлік рубль мұнайдың қымбат болуынан бір долларға шаққандағы бағасы 57-58 рубль шамасында тұрақтап тұр. Алайда мұнай бағасына қатысты болжам өзгеретін болса, онда бұл баға өзгереді. Осының нәтижесінде RUB/KZT жұбы бойынша бір рубль 6,01 теңге болады. 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

9 қазан  - 13 қазан

S&P500  бейсенбі күнгі сауда сессиясын АҚШ палата өкілдерінің 2018 жылдың бюджет жобасын қабылдау аясында 2552 көрсеткішпен аяқтады.

ЕОБ-ның монтералық ынталандыруды қысқартуға қатысты саясаты реттеушіні жариялаған хаттамасында көрініс тапты.

Еуро/доллар жұбының 1,17 белгісіндеі нығаюы 1,15-ке қарай қозағалысты көруге мүмкіндік береді.

Brent маркалы мұнайдың бағасы бейсенбі күнгі саудада шамамен  2%-ға көтерілді. Бұған Саудия энергетика министрінің мәлімдемесі мен РФ президентінің Саудия королімен келіссөзі себеп болды. 

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,8-6,1 теңге шамасында, ал теңгенің долларға қатысты бағамы 345-360 және теңгенің еуроға қатысты бағамы 420-440 болады деп болжап отырмыз.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы: 

9 қазан  - 13 қазан

ТӨткен аптада арзандаған мұнай салдарынан теңге одан әрі әлсіреді. Сондай-ақ нарық қатысушыларының Ұлттық банк мөлшерлемені одан әрі төмендете ме деген қорқынышы да теңгенің әлсіруеіне себеп болды. Қазір мөлшерлеме 10,25%, бұл қыркүйек айындағы инфляцияның 7,1% деңгейінен айтарлықтай төмен. Ұлттық банк теңге әлсіреп тұрғанда мөлшерлемені қысқаратады деп ойламаймын. Осының нәтижесінде біздің валюта тұрақталып, бір доллар 341-346 теңге ауқымында болады. Ресейлік валюаның құбылу диапазоны 5,85-6,0 теңге болады. 

Михаил Цой,  «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

9 қазан  - 13 қазан

Қазан айының алғашқы аптасында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 2016 жылғы деңгейге дейін түсіп, бір доллардың бағасы 345 теңге болды. Қазақстандық теңгенің кезекті әлсіреуіне қазақстандық нарық қатысушыларының валютаны сатып алуы, АҚШ ФРЖ-ның қазан айынан бастап долларлық балансты қысқарта бастауы, долларға деген маусымдық сұраныстың өсуі, мұнай бағасының төмендеуі себеп болды.

Келесі аптада теңгеге негізгі жағымсыз факторлар кері әсер ететін болады. Алдағы аптада USD/KZT жұбы бойынша бір доллар 343-347 теңге ауқымында саудаланады.

RUB/KZT жұбы бойынша бір рубль 5,8-6,0 теңге шамасында болады. 

9 қазан  - 13 қазан

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу