Валюта болжамы: 9 шілде – 13 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (9 шілде - 13 шілде).

Аbctv.kz-тің дәстүрлі сауалнамасына қатысып, пікір білдірген сарапшылардың айтуынша, әлемдік валюталарға қатысты бағамын нығайтуды жалғастырып отырған доллар осы аптада теңге бағамына әсер еткен негізгі фактордің бірі болды. Әсіресе, «ФИНАМ» және «Телетрейд Групп» компанияларының сарапшылары АҚШ-тың ақша-несие саясатын қатаңдатуын бөле-жара атап өткен екен. Сондай-ақ, сарапшылар келер жылы орын алуы мүмкін кезекті әлемдік экономикалық дағдарыстың болжамдарына («Альпари»), АҚШ пен Қытай арасындағы «сауда соғысына» («Телетрейд Групп»), мұнай бағасына басымдық берді. «Альпари» және «Телетрейд Групп» сарапшыларының пікірінше, мұнай бағасы жақсарғанымен, бұл фактор «қара алтынға» тәуелді елдердің валюталарына айтарлықтай оң әсер етіп отырған жоқ.

Сарапшылардың толық пікірін аbctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясының сараптамалық департамент директорының орынбасары:

9 шілде – 13 шілде

Bank of America сарапшыларының 2019 жылы орын алуы мүмкін жаңа әлемдік дағдарыс туралы болжамдары мен қытай юанының төмен қарай біркелкі жылыстауы дамушы нарықтар мен олардың валюталарына айтарлықтай қысым боп тиді. Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір апта ішінде 1%-ға қымбаттады. Алайда, «қара алтын» бағасының жоғарылығы мұнайға тәуелді валюталарға аса көмектесе қойған жоқ.   

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев баспасөз мәслихатында теңгенің айырбас бағамының құлдырауын сыртқы факторлармен байланыстырды. Оның пікірінше, теңге өзге де дамушы елдердің ұлттық валюталарының әлсіреуіне жауап қата отырып төмендеуде. Сондай-ақ, ол теңге бағамын қолдау үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізбейтінін мәлімдеді. Алайда, валюта нарығы қаржылық рететушінің тыныштандыру мақсатындағы мәлімдемесіне жауап қата қойған жоқ.

Келер аптада теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 341-344 теңге, ал рубльге шаққандағы бағамы бір рубль үшін 5,38-5,41 теңге деңгейінде болады деп болжам жасап отырмыз.

Алексей Коренев, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

9 шілде – 13 шілде

Доллардың әлемдік өзге валюталарға қатысты бағамының нығаюы – соңғы уақыттағы ортақ тенденция. Америка экономикасы нақты іс жүзінде бұған дейінгі дағдарыстардың соққыларын қалпына келтірді және жоғары қарқынмен даму үстінде. Елде соңғы жылдары жұмыссыздар деңгейі айтарлықтай төмендеп, рекордтық деңгейге жетті. Инфляция да аса жоғары емес және ішкі жалпы өнімнің өсімі бойынша ағымдағы және болжалды көрсеткіштердің бәрі оң динамика көрсетіп отыр. Экономикалық өсімге Трамптың салық реформалары да өз септігін тигізуде. Олар аса еленбеуі де мүмкін. Бірақ, олар бюджет тапшылығының айтарлықтай өсуіне және елдің мемлекеттік қарызының ұлғаюына алып келуі де мүмкін. Оның үстіне АҚШ федералды қор жүйесі ақша-несие саясатын белсенді түрде қатаңдатып отыр. Бұл ретте, пайыздық мөлшерлемелерді көтеруде. Ал бұл қадам доллармен қатысты құралдарды әлдеқайда тартымды ете түседі. Америка мен басқа елдердегі пайыздық мөлшерлемелер арасындағы тарылу салдарынан carry trade операциялары өз тиімділігін жоғалтуда. Бұл өз кезегінде дамып келе жатқан нарықтардан іргені аулақ салуды талап етеді. Сондықтан, дамушы елдердің нарығы мен валюталарына деген қызығушылық та бәсеңдей бермек.

Қазақстанға келер болсақ, тек бұл ел ғана емес доллардан қысым көріп отырған. Қазір доллардың барлық әлемдік валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай өсіп отыр. Ал инвестициялар тәуекелге толы нарықтардан АҚШ-тың нарықтарына қарай ойысуда. Теңге бағамына келер болсақ, қазақстандық валюта екі күннің ішінде 0,61%-ға әлсіреп, бір доллардың құны 341,4 теңгеден 343,48 теңгеге дейін төмендеді. Алайда, бейсенбі күні түзелуден кейін бір доллардың бағасы 342,64 теңге деңгейін құрады (бұл осы пікірді жазған уақыттағы бағам). Демек, 0,24%-ға көтерілді деген сөз. Десе де, жалпы алғанда теңгенің америкалық долларға қатысты бағамы тұрақты түрде құлдырап келеді. 05.06.2018 жылдан бері бір ай ішінде бір доллар үшін 332,24 теңге берсе, қазір 3,13%-ды құрады. Аталған тенденция алдағы уақытта да сақталатын секілді. Дегенмен, қазақстандық валютаның бағамына өзгерістер еніп қалуы да әбден ықтимал. Шілде айының соңында теңге бағамы 350-354 деңгейінде, ал тамыз айының соңында 360-367 деңгейінде болуы да мүмкін.  

Келер аптаға келер болсақ, қазақстанщық валютаның өзге валюталарға қатысты бағамына айтарлықтай әсер ететін объективті себептер байқалмайды. Сондықтан, алдағы аптада 1 рубль 5,425,45 теңге, ал 1 доллар 343344,5 теңге деңгейінде болады деген болжам ұсынамыз.

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:

9 шілде – 13 шілде

Қазақстандық теңге қысым астында қалып отыр және негізгі валюталарға қатысты бағамы біртіндеп төмендеуде. Төмендеудің басты себебі әдеттегідей дамушы нарықтардағы тәуекелдің жоғарылығы. Бұл АҚШ-тың ақша-несие саясатын қатаңдатумен байланысты. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда байланысындағы басты проблема да осы. Менің пікірімше, соңғы фактор теңге үшін маңызды болып отыр. Қытай мен АҚШ арасындағы тарифтік «соғыс» өсім қарқынына әсер етеді. Бірінші кезекте қытай экономикасы зардап шегеді. Бұл тұтынушылық шикізаттық ресурстардың төмендеуіне және олардың бағаларының құлдырауына алып келеді. Бұл жағдайлар нарыққа кері әсерін тигізеді. Сондықтан, мұнай бағасы көтерілгенімен, жағдай өзгермей тұр. Теңге де төмендеу үстінде. Меніңше, бұл тенденция әлі жалғасады. Әзірше құбылмалылық басым. Соған қарағанда жағдай әлі де ушыға түсуі ықтимал. Теңгенің доллар қатысы бағамы 350 деңгейінде болады деген болжамды алға тартамыз. EUR/KZT жұбы 410 деңгейіне шығуы мүмкін. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,25,5 деңгейінде болмақ.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

9 шілде – 13 шілде

Өткен аптада қазақстандық теңгенің америкалық долларға және ресейлік рубльге қатысты бағамы әлсіреуін жалғастырды. Мұндай негативті тенденция осымен қатарынан алты апта бойы жалғасып келеді. Меніңше, бұған Қазақстан Ұлттық банкінің ақша саясаты негізгі себеп болуы мүмкін. Сәрсенбі күні оның төрағасы Данияр Ақышев теңгенің құлдырауын қалыпты жағдай деп атап, Ұлттық банктің маусым айында теңге бағамын қолдауға қатысты ешқандай валюталық интервенция өткізбегенін мәлімдеді. Ал дүйсенбі күні маусым айындағы инфляцияға арналған деректер жарияланды. Инфляция деңгейі жылдық мәнде 5,9%-ға төмендеді. Бұл 2015 жылдың қазан айынан бергі ең төменгі мән болып табылады. Аталған жағдай Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені қазіргі 9%-дан да төмендетуге алып келуі мүмкін.

Келер аптаға арналған болжам мынадай: 1 рубль – 5,42-5,47 теңге, 1 доллар 342-345 теңге. Қазақстандық валютаның әлсіреуі бәсеңдеуі мүмкін. Түзетілуі де ықтимал.

9 шілде – 13 шілде

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу