"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев 300 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметінше, сыйақыны бас директордың өзі тағайындап, өзі бөліп отырған, деп хабарлайды Вaq.kz.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Ақтөбе" облыстық футбол клубы" АҚ-ның бас директоры Д.Васильевтің бюджет қаржысын жымқырғанын анықтады. Тергеу кезінде бас директор Дмитрий Васильевтің сыйақы төлеу кезінде заңсыз жолмен 300 миллион теңгені иемденгені белгілі болды. Айта кетерлігі, Васильев командаға берілетін сыйақыны өзі тағайындаған. Сонымен қатар, Қазақстан біріншілігінің бірінші кезеңінде үздік алтылыққа ену үшін 69 миллион теңге сыйақы бөлінген екен. Оның 15 миллион теңгесін бас директор өзі иемденген",- деп жазылған Ұлттық бюро хабарламасында.
Жедел ақпаратқа сүйенсек, бас директор Дмитрий Васильев бүгін тергеу изоляторына жеткізілді.