"Altai Invest-2016" форумында 255 млрд теңгенің келісіміне қол қойылды

999

"Altai Invest-2016" форумында 255 млрд теңгенің келісіміне қол қойылды

Өскеменде өтіп жатқан "Altai Invest-2016" Халықаралық форумында 13 елден келген қатысушыларға Шығыс Қазақстан экономикасының түрлі саласындағы жалпы сомасы 927 млрд теңгені құрайтын 84 инвестициялық жоба таныстырылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

Мемлекет - жеке меншік серіктестігі аясында инвесторларға 22 инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың құрылысына, сонымен қатар туризмді дамыту үшін жалпы аумағы 278 га құрайтын 46 орын ұсынылды. Барлық жобаларды жүзеге асыру 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

"Бұл форум біздің облыс үшін үлкен маңызға ие. Барлық инвесторларға көмектесуге дайынбыз және оларды өзара тиімді серіктестікке шақырамыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

"Шығыс Қазақстан энергетика, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп, туризм саласында көптеген қызықты жобалар дайындағанын көріп отырмыз. Мұны өзара тиімді етіп дамыта аламыз", - деді ҚХР Шыңжаң-ұйғыр автономды өлкесі Халықтық үкіметінің мемлекеттік кеңесшісі, ҚХР Шыңжаң-ұйғыр автономды өлкесі коммерция департаменті делегациясының басшысы Ян Кайсин.

Сондай-ақ ол ШҚО-мен жақсы экономикалық байланыс орнап отырғанын атап өтті.
Атап өтейік, халықаралық инвестициялық форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы 35,3 млрд теңгені құрайтын 29 келісімге қол қойылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу