"Атамекен" палатасында кәсіпкерлердің шағымын қабылдайтын онлайн-сервистер жұмыс істейді

984

"Атамекен" палатасында кәсіпкерлердің шағымын қабылдайтын онлайн-сервистер жұмыс істейді

2013 жылдың қазан айынан бері Ұлттық палатаға 15430 өтініш түссе, 2016 жылы олардың саны 5419 арыз-шағымды құраған. "Атамекенде" бизнес өкілдерінен өтініш-тілектерді қабылдауға арналған онлайн-сервистер іске қосылып, прокуратура органдарымен өзара байланыс орнаған. Ең көп өтініштер салық салу, жер заңнамасы, сатып алу және кәсіпкерлік саладағы дау-дамайларға қатысты болып отыр. Арыздардың 40 пайызын оң шешуге қол жеткізілген. Сәйкесінше кәсіпкерлердің 41,7 млрд теңге сомасындағы мүліктік құқығы қорғалып қалған.

Бизнес-ортаны жетілдіру мақсатында, КҰП, өзекті мәселелер реестрін жасап, оған келіп түскен 438 мәселенің 65%-ы, яғни 285-і шешімін тапқан. 2016 жылдың 11 айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 4040 нормативтік-құқықтық акті жобасын сараптаудан өткізді. Нақты нәтижелер байқалуда.

"Нақты жоспарлау жобалары жоқтығы себебінен әкімдіктердің жер телімдерін беруден бас тарту мәселесі шешіліп, өзге коммерциялық мақсаттарға қолданған кезде коммерциялық жердің мақсатты тағайындалуын өзгерту қажеттілігі жойылды. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесі оңтайландырылып, жоспарлы тексеріс түрлері тоқтатылды, 3 тексеріс тәсілі енгізілді. Реттеуші әсер ету талдауын өткізу жайлы қағидат іске қосылды. Ендігі сәтте, жаңа рұқсат ету түрлерін енгізгенде немесе талаптарды қатаңдатқанда, мемлекеттік мекеме экономикалық есептеулер арқылы оның қажеттілігін дәлелдеуі тиіс. Түбегейлі шешім бірінші вице-премьер төрағалық ететін ведомствоаралық комиссия деңгейінде қабылданады. Нысандардарды жарнаманың қайсыбір түріне жатқызудағы түсініспеушілік те өз шешімін тапты. Өйткені маңдайшалардағы жазулар барлық бизнес субъектілері үшін жарнама түрінен шығарылды", – деп мәлім етті Нұржан Әлтаев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысқан жиында.

Отандық кәсіпкерлердің тағы бір бас ауыртар мәселесі, әсіресе ауылдық жерде, ол қаржылық, инфрақұрылымдық және өткізу нарықтарының қолжетімділігі болуда. Бұл тұста Ұлттық палатаның субсидиялаудың ауыспалы мөлшерлемесін орнатуға қатысты ұсынысы қабылданған.

"ҰКП келесі формуланы ұсынады: субсидиялау мөлшерлемесі = өтімділік бойынша мөлшерлеме (базалық мөлшерлеме + дәліз) + банк маржасы. Осы орайда субсидиялау ұстанымын сақтап қалу қажет. Сондай-ақ, Палата, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында купондық сыйақылық субсидиялау тетігін енгізуді, айналым қаражатының оңтайлы мөлшерлемесін 12%-дан, инвестициялық мақсаттарға 7%-дан аспайтындай деңгейде қамтамасыз етуді, "тиімді жоба" ұғымын алып тастауды яки қайта қарастыруды, сауықтыру бағдарламасын жандандыруды, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын субсидиялауды ұсынды", – деді КҰП басқарма төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу