"Болашақ" бағдарламасының түлегі Петропавл әкімінің орынбасары болды

983

"Болашақ" бағдарламасының түлегі Петропавл әкімінің орынбасары болды

Әлеуметтік сала жөніндегі облыс орталығы әкімінің орынбасары ретінде Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлайды Петропавл әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып  "ҚазАқпарат" ХАА.

Глотов Евгений Сергеевич 1987 жылы 28 ақпанда Қарағанды облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша, Ұлыбританияда 2013 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады. Еңбек жолын 2006 жылы "Қазақстан жастары конгресі" ЗТБ менеджерінен бастады. 2007-2008 жылдары "Есірткісіз болашақ" корпоративтік қорының атқарушы директоры болды.  2008-2009 жылдары "Қазақстанның ауыл жастары одағы" БҰ төрағасы болып жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары  –  "Агроиздат" ЖШС директорының орынбасары, директор лаузымын иеленді. 2011-2014 жылдары "СТИЛСОФТ-АСТАНА" ЖШС директоры лауазымында жұмыс атқарды. 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы  әкімінің аппараты ұйымдық-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, меңгерушісі лауазымдарында болды. 2015 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм басқармасы" ҚММ басшысы лауазымын иеленген.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу