"Эйр Астанаға" қатысты тергеу шаралары қорытындыланды

793

"Эйр Астанаға" қатысты тергеу шаралары қорытындыланды

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде Келісу комиссиясының отырысы өтіп, онда "Эйр Астана" АҚ қатысты тергеп-тексеру қорытындылары жасалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Келісу комиссиясының құрамына монополияға қарсы органның қызметкерлерімен бірге, ҰКП, Азаматтық авиация комитеті, Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы, Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығының өкілдері кірді.

"Келісу комиссиясының мүшелері монополияға қарсы орган үшін, атап айтқанда, ұсынылған материалдар негізінде монополиялық жоғары баға белгілеу фактісінің дәлелденбегеніне байланысты тергеп-тексеруді тоқтату, сондай-ақ 2017 жылы тұрақты ішкі рейстермен жолаушылар авиатасымалы көрсететін қызметі нарығына талдау жүргізуге өздерінің ұсыныстарын айтты.

"Эйр Астана" АҚ-ға тұтынушылардың тарапынан ескертулерді есепке ала отырып, бағалардың үстіңгі шегін төмендету арқылы ішкі авиатасымалдар қызметтеріне бағаларды оңтайландыру және тұтынушылардың арасында ұсынылатын қызметтерге баға белгілеу тетігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды", – деп атап өтілген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл ұсыныстар бұдан әрі баға саясаты аса ашық болатынын және компания клиенттері әуе тасымалы билеттеріне тарифтердің қалай қалыптастырылатынын білетін және түсінетін, ал тариф белгілеу кезінде жүктеме бірқалыпты болатынын, бұл өз кезегінде билеттердің негізгі бөлігі құнының төмендеуіне алып келетінін білдіретін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу