"Қазақстан" арнасы қызметкерлерінің баспана мәселесі көтерілді

1127

"Қазақстан" арнасы қызметкерлерінің баспана мәселесі көтерілді

"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан журналистерге үй алып беруді сұрады.

"Дәурен Әскербекұлы, "Қазақстан" арнасының 500-ден астам қызметкері пәтер жалдап тұрады. Бұл мәселе журналистер Алматыдан көшіп келгеннен бері шешілген жоқ. Жақында журналистер ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтан "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша үй беруді сұраған екен. Бишімбаев "Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осындай ұсыныс жасаса,біз оны қарауға дайынбыз" депті. Енді, осы мәселені өз назарыңызға алып, шешіп берсеңіз екен", - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxаты барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін арнайы шарттар жасала ма? Бүгінде осы мамандық иелері не мемлекеттік, не бюджеттік салаға жатпайды. Олардың баспана алуына қандай да бір жеңілдік бола ма?" деген сауал қойылған болатын. Сол кезде министр аталған мәселені қарастыруға дайын екенін жеткізген еді.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу