"Құнанбай" фильмі Халықаралық кинофестивальден жүлдемен оралды

927

"Құнанбай" фильмі Халықаралық кинофестивальден жүлдемен оралды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Құнанбай" фильмі Уфа қаласында қазанның 26-ы мен 28-і аралығында өткен "Күміс Ақбозат" атты ІІІ Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы "Ұлттық рух" жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды khabar.kz

"Құнанбай" фильмі атақты дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Картинаның режиссері – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, өнер ардагері Досхан Жолжақсынов.

"Шығармашылық топтың фильмді түсірердегі мақсаты – халқымыздың құндылықтарын дәріптеу арқылы, жастардың бойында ұлттық рухты ояту болды. Енді міне, бүгінде еңбегіміз бағаланып жатыр. Картинаны түсіруге атсалысқан түсіру тобын осы жеңіспен құттықтаймын", – деді фильмнің режиссері Досхан Жолжақсынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу