"Nike" Криштиану Роналдуға мәңгілік келісімшарт ұсынды

1173

"Nike" Криштиану Роналдуға мәңгілік келісімшарт ұсынды

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" үздік сұрмергені Криштиану Роналдуға танымал спорттық бренд "Nike" компаниясы мәңгілік келісімшарт ұсынды. Әзірге екі тарап бұл келісімді құп көргенмен, қаржы мәселесіне қатысты ресми құжаттарына қол қойған жоқ, деп жазады massaget.kz

Батыстық басылымдардың жазуы бойынша, америкалық компания Роналдумен ең ірі жарнамалық келісімшартына қол қоймақ екен. Кей бейресми деректер бойынша бұл келісімшарттың құны 1 миллиард доллардан жоғары көрінеді. Футболшы мадридтік клубтан жылына 24 миллион еуро алатын болса, "Nike" компаниясынан да осынша қаржыны иеленетін болады.

Роналду мен "Nike" компаниясы 2003 жылдан бері өзара келісімшарт жасасып келеді. Осыған дейін португалдық ойыншы америкалық компанияның көптеген жарнамаларына қатысты.

Роналду "Nike" компаниясы мәңгілік келісімшарт ұсынып отырған алғашқы спортшы емес. Осыған дейін бұл компаниямен әйгілі баскетболшылар Майкл Джордан мен Леброн Джеймс, бразилиялық футболшыРоналдо мәңгілік келісімшартқа қол қойған.

Айта кетейік, Криштиану Роналду бірер күн бұрын ғана мадридтік клубпен келісімшартын ұзартқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу