"Саран" кенішіндегі қайғылы оқиғаның себебі белгілі болды

860

"Саран" кенішіндегі қайғылы оқиғаның себебі белгілі болды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Саран" кенішіндегі ажалды апаттың себебі қылмыстық немқұрайлылық болған. Бұл туралы бүгін арнайы комиссия төрағасы, ҚР ИДМ Индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Құнанбаев мәлім етті, деп хабарлады "ҚазАқпарат"  ХАА.

"Қылмыстық немқұрайлылық!", – деді қайғылы оқиғаның тергеу актісін жариялаған Нұрбек Құнанбаев. – Жұмыс берушінің кінәсі – 100%. Ал жұмысшылардың кінәсі – 0. Олар еш жазықсыз ажал құшты".  

Комиссия қайғылы оқиғаға әкеп соққан оқиғаның ұйымдастырушылық және техникалық себептерін анықтады. Ұйымдастырушылық себептерінің арасында инженерлік-техникалық маман тарапынан бақылаудың болмағаны, білікті мамандар санының жетіспегені байқалған. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, Саран шахтасының директоры мен орынбасарларынан бастап 16 қызметкер жұмысынан шеттетілді.

Еске сала кетсек, 10 қарашада Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Саран" кенішінде апат болды, үш адам қаза тауып,  бес адам зардап шекті. Мерт болғандар арасында 32 жастағы Мейрам Жанысбаев, 56 жастағы Эдуард Леснеков, 56 жастағы Мұрат Нұрмағамбетов  бар. Кейінірек Қарағандыда Мақажанов атындағы клиникада  "Саран"  кенішінің жұмысшысы 52 жастағы Михаил Панин көз жұмды. Қарағанды облыстық прокуратурасының хабарлауынша, ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу