Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тұтынушылық қарыздардың жалпы сомасы 14,2 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 90 күннен кешіктірілген несиелердің саны 1,6 трлн теңге, бұл 12 пайыз. Тұтынушылық несие алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн адам. 1,5 млн адам несие төлемін 90 күннен кешіктірген", - деді спикер.
Айта кету керек, осыған дейін Сенат несие беру кезінде тәуекелдерді азайтуға қатысты заңды Мәжіліске қайтарғанын жазған болатынбыз. 1000 АЕК-тен асатын несие алғысы келетіндерге жұбайының келісімі қажет болуы мүмкін екені де белгілі болды.