Сенат несие беру кезінде тәуекелдерді азайтуға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

304

Заң бірқатар нормаларды көздейді. 

Сенат несие беру кезінде тәуекелдерді азайтуға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды Фото: time99lek

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенат депутаттары заңды бірінші оқылымда мақұлдағанымен, заңның жекелеген баптары қабылданбады. Көрсетілген баптардың жаңа редакциясы мен заң Мәжіліске қайтарылды.

Заң бірқатар нормаларды көздейді.

"Тұтынушылық несие" жаңа ұғымы енгізіледі. Өтелмеген тұтынушылық кредиттер бойынша мерзімі өткен соң 90 күннен кейін сыйақыны есептеуге тыйым салынады, ал несиенің ең жоғары сомасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актісімен шектеледі. Бұдан басқа барлық микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін шектеу ұсынылып отыр. Жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым тыйым салу енгізіледі. Мерзімді әскери қызметті өткеру кезінде қарыз алушыларға несиелер бойынша төлемдер кейінге қалдыру беріледі", - деді құжатты таныстырған деді сенатор Сергей Карплюк.

Бұдан басқа банктер мен микроқаржы ұйымдарына клиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық қарыз беруге тыйым салынады.

"45 күнге дейінгі және 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомадағы онлайн микрокредиттер бойынша мұндай микрокредиттерді берудің ерекше шарттарының күшін жою, бұл ретте оларға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін белгілеуді қолдану ұсынылады. Кредиторларды байыпты кредит саясатын жүргізуге және азаматтардың проблемалық берешегін реттеу бойынша шаралар қабылдауға ынталандыратын талаптар көзделген. Мәселен, 2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың берешегін реттеу бойынша сапалы жұмысты дербес жүргізуі үшін қарыздарды коллекторларға беруге мораторий енгізіледі. Сондай-ақ қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін жағдайлар жасалуда. Осы мақсатта банктер мен микроқаржы ұйымдарына клиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық қарыз беруге тыйым салынады", - делінген заңның қорытындысында.

Бұдан бөлек істердің жекелеген санаттары бойынша өндіріп алу туралы құжаттарды орындау процесін толық автоматтандыру арқылы жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін жетілдіру, бұл сот орындаушысының қатысуын болдырмайды. Азаматтарға жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлемей атқарушылық құжаттың талабын орындауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, осыған дейін депутат Ринат Зайытов  отбасының бір мүшесі алған несиеден екіншісі хабардар болуы керегін айтқан болатын. Мәжіліс кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда қабылдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу