Енді несие алғысы келетіндерге жұбайының келісімі қажет болуы мүмкін

302

Банктер мен микроқаржылық ұйымдарда АХАЖ базасы болады.  

Енді несие алғысы келетіндерге жұбайының келісімі қажет болуы мүмкін Фото: Freepik

Қазақстандықтар 3,7 млн теңгеден асатын сомада несие алғысы келсе, жұбайларының келісімі қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Банктер мен микроқаржылық ұйымдар 1 мың АЕК-тен жоғары кепілсіз тұтынушылық несие бермес бұрын жеке тұлғалардың жұбайының келісімін сұрауға міндеттеледі. АХАЖ базасы бар. Егер де онда адамның некеде тұрғаны туралы деректер болса, оған тиісті талап қойылады. Базада мұндай деректер көрсетілмесе, мұндай талап болмайды", - деді сенатор Сергей Карплюк Сенат кулуарында.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов бұл норма әзірге нормативтік-құқықтық актінің жобасында ғана екенін атап өтті.

"Алдын ала 1000 АЕК мөлшерін белгіледік. Бұл 3 млн 700 мың теңге. Біз бұл сома шұғыл шығындарды жабуға жеткілікті деп ойлаймыз, оның ішінде медициналық көмек көрсетумен байланысты шығындар бар. Екіншіден, неге 1000 АЕК белгіленді дегенге келсек, Салық кодексі аясында 2025 жылдан бастап Қазақстан азаматтары 1000 АЕК-тен асатын активтерін міндетті түрде декларациялауы тиіс деген норма күшіне енеді", - деп түсіндірді Олжас Қизатов.

Айта кету керек, осыған дейін Сенат несие беру кезінде тәуекелдерді азайтуға қатысты заңды Мәжіліске қайтарғанын жазған болатынбыз. Құжатта азаматтардың жұбайының келісімінсіз банктен қарыз ала алмайтыны жөнінде норма бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу