1 сәуірден бастап зейнетақы төлемін есептеудің тәртібі өзгереді

1676

Сәуірдің бірінен бастап зейнетақы төлемін есептеудің тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Аtameken Business.  

1 сәуірден бастап зейнетақы төлемін есептеудің тәртібі өзгереді

Жаңа әдістемені Үкімет басшысы бекітіп қойған.  Оған сәйкес, бірінші жылдары зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы 6,5 пайызбен есептелетін болады. Ал одан кейінгі жылдарда зейнетақы жинақтарының мөлшері 5 пайызға ұлғайтылып, жыл сайын индекстеліп отырады. Яғни, есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте зейнетақы қорынан ай сайынғы жинақтары ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ал 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар, жарналары кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген адамдар үшін түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген. Аталмыш жүйе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордағы төлемдер мен зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу