10,5 миллион теңге көлемінде пара берген

755

Қостанай облысында кәсіпорын директоры 10 млн теңге пара беру күдігіне ілікті.

10,5 миллион теңге көлемінде пара берген

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ол Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына қаланы газдандыру бойынша жұмыстарға мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасағаны үшін 10,5 миллион теңге көлемінде пара берген деп күдікке ілінді", – делінген таратылған хабарламада.

Кінәні мойындауына байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ.

Бұған дейін Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына пара алды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Күдіктілерге қатысты кінәсінің дәрежесіне қарай соңғы шешімді сот шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу