10 жылда қазақстандықтардың 90%-ы қолма-қол ақшадан бас тартады

945

10 жылда қазақстандықтардың 90%-ы қолма-қол ақшадан бас тартады

Алдағы 10 жылдықта Қазақстанда тауар мен қызметті өтеудің қолма-қолсыз ақша түрі басым болады. Қазкоммерцбанкте жинақталған статистикалық деректер ауқымының сараптамасы республика тұрғынының 10-нан 9-ы толығымен банктік карта мен смартфондар арқылы есеп айрысуға көшететіні жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды naryk.kz.

10 жыл бұрын біздің клиенттер банктік картамен төлем айырысудан гөрі ақшаны банкомат арқылы 6 есе жиі алатын, бүгінгі күні қолма-қол ақша транзакциялары карталық транзакциялардан 37%-ға ғана көп.

"Біз мұны ыңғайлылық пен жайлылықтың озуы деп түсінеміз. Бүгінгі күні барлығы өте жылдам дамиды. Осыдан бар болғаны екі жыл бұрын іске қосқан контактісіз төлемдердің саны 10 жыл бұрын орындалған барлық карталардың операциясынан әлдеқайда көп. Әрине, қолма-қол және қолма-қолсыз ақша операциялары арасында абсолютті сомалар бойынша алшақтық бар, бірақ біз клиенттердің күнделікті өмірінде картамен жиі төлем орындайтынын байқаймыз", – дейді өз сөзінде QAZKOM-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу