102 мыңға жуық елорда тұрғыны тұмауға қарсы екпе алды

700

Елордада тұмауға қарсы вакцинация науқаны 10 қыркүйекте басталып, 15 қазанға дейін созылды.  

102 мыңға жуық елорда тұрғыны тұмауға қарсы екпе алды

Елордада 101 950 адам Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында тұмауға қарсы вакцина алды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Тұмауға қарсы екпе ұлттық екпе күнтізбесіне кірмейді, бірақ жыл сайын жергілікті бюджеттен сатып алынады. Биыл халықты вакцинациялау үшін 110 мың доза сатып алынды.

Әдетте, тегін вакцинация тобына мына санаттағы азаматтар кіреді:

- созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар;

- медицина қызметкерлері;

- жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);

- жабық үлгідегі мекемедегі адамдар (балалар үйі, мектеп интернаты);

- мүгедектер, ересектер және созылмалы аурулары бар балалар;

- 60 жастан асқан қарттар.

 "Дәстүрлі түрде екпе қазан-қараша айларында жүргізіледі. Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты маусымдық аурулар кезеңіндегі жағдай күрделене түсуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін вакцинацияны алдыңғы жылдарға қарағанда ертерек бастау керек болды. Бұл өз нәтижесін берді", –  деп атап өтті БМСК басқармасының бөлім басшысы Әлия Өмірзақова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу