114 жемқор бас бостандығынан айырылды

714

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратынша, алғашқы жартыжылдықта 874 тергеу жүргізіліп, 694 іс сотқа жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

114 жемқор бас бостандығынан айырылды

Белгілі болғандай, 486 тұлға сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылды. 116 адам – пара алғаны, 211 – адам пара бергені, 12 адам пара алу мен пара беруге делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды. 67 адам – алаяқтығы, 33 адам – бюджет қаржысын жымқырғаны, 32 адам – қызметін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. 114 адам жемқорлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды. 

"47 тұлғаның бас бостандығы шектелді. 288 лауазымды тұлғаға аса ірі көлемде айыппұл салынды, олар мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам айыппұл төлейді. 464 адам белгілі бір қызметті атқару құқығынан айырылса, сот 94 адамның арнайы әскери немесе құрметті атағын және мемлекеттік наградасын алып қойды. Бесеуінің мүлкі тәркіленді", – деп нақтылады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу