119,9 мың адам жұмыспен қамтылды

993

119,9 мың адам жұмыспен қамтылды

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысы аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың 2017 жылдың 7 айындағы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы есебі тыңдалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Біржан Нұрымбетов "Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында 2017 жылға 85,3 млрд теңге қарастырылғанын мәлімдеді.

Биылғы жылдың 1 тамызындағы деректер бойынша, бағдарламаға қатысуға 276,2 мың адам өтініш білдірді, олардың 248,4 мыңы (90%) бағдарлама қатысушыларының құрамына қосылды. Қатысушылардың құрамына қосылғандардың қатарында жұмыссыздар – 200 мың адам (80,5%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 48,4 мың адам (19,5%). Есеп беру күніне 213,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 178,3 мыңында (83,4%) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар. Тұрақты жұмыс орнына жұмыспен қамтылғандардың 56,1% (119,9 мың адам) орналасты.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҰБТ-дан өтпеген және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері тегін кәсіби және техникалық білім берумен қамтамасыз етіледі.

21 мыңға жуық жастар 2,5 жылға КжТБ оқуға жіберіледі, олардың оқуларының ақысы әрі шәкіртақысы, жол жүруге жұмсайтын ақшалары төленеді және бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап нарықта сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша жұмысшы мамандарды қысқа мерзімді кәсіби оқыту жұмыстары басталды. Бүгінде қысқа мерзімдік курстарға 27,7 мың адам бағытталған.

Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Осы мақсаттарда жаңа Бағдарламада шағын несиелендірудің ауқымы кеңейтілген. Несиенің ең көп сомасы 18 млн теңгеге дейін ұлғайтылған, мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығымен айналысу немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға несие мерзімі 7 жылға дейін беріледі. Соңғы қарызгерге несиенің атаулы мөлшерлемесі – жылына 6%-ға дейін беріледі.

Несиелердің қолжетімділігін арттыру мақсатында несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген – істі жаңадан бастап жатқандарға -  85%-ға дейін, ал бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлерге - 50%-ға дейін беріледі. "Ауылда шағын несие беру ережелерінде" шағын несие беруге қажетті құжаттардың саны қысқартылды, жеке тұлғаларға 30-дан 14-ке дейін, заңды тұлғаларға 9 құжатқа дейін азайтылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға жұмыспен қамтамасыз етілуге көмек көрсету аясында 213 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды, әлеуметтік жұмыс орындарына – 18 мың адам (жоспардың 109,7%-ы), 61 мың адам (78,5%) – қоғамдық жұмыстарға, 15 мың жас мамандар (88,2%) "жастар тәжірибесіне" қатысуда және шамамен 120 мың адам Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына орналасты.

Еңбекке жұмылдыруды арттыру шаралары аясында, бағдарламаны іс жүзіне асыру мақсатында, еліміздің жұмыс күші мол аймақтарында солтүстік және орталық өңірлердің жұмыс берушілерінің қатысуымен бес өңіраралық бизнес форумды өткізу жоспарланып отыр. Сонымен, биылғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 442 отбасы көшірілді, олардың 172 отбасысы еңбекке жарамды адамдары мол аймақтардан көшірілген ішкі қоныс аударушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу