12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні

62

Бұл күн – әлем бойынша миллиондаған баланың балалық шағы мектеп партасында емес, ауыр әрі көбіне қауіпті еңбек жағдайында өтіп жатқанын еске салады. 

12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні Фото: violenceagainstchildren.un.org

Олар білім алуға, ойнауға және құқықтары құрметтелетін қауіпсіз ортада өсіп-жетілу мүмкіндігінен айырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Білім мен қолдаудың орнына олардың дамуын тежеп, болашағына қауіп төндіретін мәжбүрлі еңбекке тартылып отыр.

Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні балалық шақты қорғаудың маңыздылығын еске салады.

Әсіресе, кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбек түрлеріне ерекше назар аудару қажет. Балалар ерте жастан еңбекке тартылудың орнына білім алуға, медициналық көмекке, психологиялық қолдауға және толыққанды дамуға қол жеткізуі тиіс.

Балаларға қауіпсіз әрі бақытты балалық шақ сыйлай алмаған қоғам өз болашағынан айырылады.

Балалық шақты қорғау – бұл дені сау әрі әділетті болашаққа бағытталған маңызды инвестиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу