160 қазақстандық Forex-те 1 млрд теңгеге алданды

737

Forex нарығының ойыншылары қатаң бақылауға алынады.

160 қазақстандық Forex-те 1 млрд теңгеге алданды

1 млрд теңге! 2011-2020 жылдар аралығында халықаралық қаржы нарығында сауда жасаймыз дегендер дәл осынша мөлшердегі ақшаларынан айырылған. ІІМ біздің ресми сауалымызға осылай деп жауап берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Алданғандар саны – 160 адам. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚК-тің 264, 190 және 218-ші, яғни алаяқтық, ұлтаралық қылмыстық топтың құрылуы, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру баптары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, май шелпектен мұртымыз майланады деп жүргендердің қарасы күн санап артып келеді. Алайда жеңіл ақша тапқандардан гөрі сан соғып қалғандардың саны көбейгенін көріп отрсыздар. Қаржы нарығын қадағалау агенттігі биыл заңға өзгерістер енгізіледі деп сендірді. Олар ұйымдастырылмаған шетелдік валюта және қор нарықтарында мәмілелер жасауға байланысты мәселелер бойынша консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету құқығын көздейтін өзгертулер. Қазірдің өзінде бұл  ұсыныстар премьер-министрдің канцеляриясына жіберіліп, алдағы уақытта парламентке жөнелтіледі.

Сарапшылардың сөзіне сенетін болсақ, құнды қағаздар арқылы байып кеткісі келетіндер лицензиясы бар компанияларға ғана жүгінгендері жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу