18 бас жылқыны кім ұрлағаны белгілі болды

701

Малдың ұрланғаны туралы арыз қалалық полиция басқармасына өткен жылдың желтоқсан айында түскен екен. 

18 бас жылқыны кім ұрлағаны белгілі болды

Ақмола облысында бір жылға жуық уақыт бұрын жоғалған жылқыларды кім ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Малдың ұрланғаны туралы арыз қалалық полиция басқармасына өткен жылдың желтоқсан айында түскен екен. Мал егесінің айтуынша, 2019 жылдың наурызы мен желтоқсаны арасында 18 бас жылқысы жоғалыпты.

Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа күдікті ретінде 1962 жылы туған Көкшетау қаласының тұрғынын анықтады. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері азаматтардан өз мүліктерін сақтау үшін уақтылы қажетті шаралар қабылдауды сұрайды. Олардың айтуынша қолды болған малдың дені қараусыз жайылып жүрген жерінен ұрланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу