2,6 млн гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды

403

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров еліміздің 4 облысында 8,3 млн гектар жер пайдаланылмай жатқанын жариялады. 

2,6 млн гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды

"Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарына жүргізілген ғарыштық бақылаудың бірінші кезеңінің деректері бойынша 8,3 млн гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталды", – деді министр. 

Сапархан Омаровтың сөзінше, 2,6 млн гектар жайылым ерікті түрде мемлекет меншігіне қайтарылды. 5,7 млн гектар жер иесіне түрлі кемшіліктерді жою туралы хабарлама жолданды.  

"Жобаны жүзеге асыру барысында министрлік жерді ұтымсыз пайдалануды айқындау әдіснамасын одан әрі жетілдіру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу