2 млн доза вакцина жеткізіледі

782

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді. 

2 млн доза вакцина жеткізіледі

Министрдің сөзінше, коронавирусқа қарсы вакцина осы айда ел аумағына енеді, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"1 ақпаннан КВИ-ге қарсы вакцинация науқаны жалғасып жатыр. 1 сәуірден вакцинациялауға жататын тұлғалар санаты кеңейтілді. Кестені жергілікті атқарушы органдар әзірлейді. Бүгінде бірінші компонент 197 706, екінші компонент 72 110 азаматқа салынды. Республика бойынша 1 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 10,3-ті құрайды", – деді Алексей Цой. 

Оның айтуынша, сәуірде елге вакцинаның 2 млн дозасы жеткізіледі. 
Көрсетілген доза вакцинациялауға жататын тұрғындардың 23,4%-ын қамтиды.  

"Иммундау жоспарына сәйкес, өңірлерге вакцина жеткізу көлемі мен алдын ала мерзімі айқындалған. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуірде вакцина жетізу көлемі Нұр-Сұлтанда 284, Алматыда 464, Шымкентте 172 мыңға, Алматы облысында 232, Қарағанды облысында 217 мыңға 
ұлғайтылды", – деді денсаулық сақтау министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу