2017 жылдан бастап жол полициясының жаяу наряды қызмет етпейді

873

2017 жылдан бастап жол полициясының жаяу наряды қызмет етпейді

2017 жылдан бастап жол полициясы толығымен автопатрульге көшедi. Ал жол-патрульдiк полицияның жаяу нарядтары жол қозғалысын ендi бақылай алмайды. Бұл туралы ҚР IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетi басшысының орынбасары Әлiбек Кеңеспаев ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Bаq.kz.

"Бiз келесi жылдан бастап толығымен автопатрульге көшемiз. Яғни, келесi жылдан бастап жол қозғалысын тұрақты қозғалыс режимiнде автопатруль бақылауына алады. Автопатруль апаттық қауiптi учаскелердi де қадағалайды. Ал жол-патрульдiк полицияның жаяу нарядтары жол қозғалысын ендi бақылай алмайды", - дедi Ә. Кеңеспаев.

Еске сала кетсек, бұған дейiн 2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін таяқша қолданбайтыны туралы хабарлаған болатынбыз.

"Енді жол полицейлері көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, "тоқта" деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрульмен де тоқтатады. Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады", - деп мәлiмдедi кеше ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеді. Қазіргі уақытта, бірқатар еуропалық елде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқша (жезл) қолданбайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады, деп хабарлаған болатын ҚР ІІМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу