Өткен жылы әлемде алюминий өндірісі 1%-ға төмендеп, 63,69 млн тоннаға жетті. Бұл туралы Халықаралық алюминий институты хабарлады.
Жалпы өндіріс Парсы шығанағындағы елдерде 5,9%-ға, Солтүстік Америкада 0,9%-ға, Шығыс және Орталық Еуропада 2,7%-ға жоғарылады.
Ал Батыс Еуропа елдерінде керісінше оның көлемі 7,6%-ға, Оңтүстік Америкада 7,3%-ға бәсеңдеді.
Халықаралық алюминий институтының мәліметінше 2019 жылғы алюминидің орташа тәуліктік өндірісі 174,5 мың тонна болған. 2018 жылғы бұл көрсеткіш 177,3 мың тоннаға тұрақтаған. Ал тек желтоқсан айын алар болсақ әлемде 5,435 млн тонна алюминий өндірілді. Ал бір жыл бұрын 5,496 млн тонна металл барланған болатын.