2019 жылы елімізде антибиотиктер өндірісі артты

2331

"Химфарм" АҚ-ның өндіріс көлемі 15%-ға жоғарылаған. 

2019 жылы елімізде антибиотиктер өндірісі артты

2019 жылы елімізде құрамында антибиотиктер қосылған дәрілік заттар өндірісі артты. Атап айтқанда, антибиотиктер шығару көрсеткіші 112 мың тоннаға жоғарылады. Яғни 57 мың тоннадан 169 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Осы өнімдерді шығаратын еліміздің ең ірі фармацевтикалық компаниясы "Химфарм" АҚ-ның өндіріс көлемі 15%-ға артты. Сонымен қатар компания халықаралық GMP стандарттарына сәйкестігін дәлелдейтін бірнеше сертификатқа ие", – деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда зауыт өз өнімдерінің 9%-ы Қырғызстан, Ресей, Укранинаға экспортталады. Қазіргі кезде кәсіпорын жылына 420 млн дәрі-дәрмек, 140 млн инъекциялық ерітіндісі бар ампула, 37 млн антибиотик ұнтағы (цефалоспориндер), 3 млн сұйық пероральді дәрілік заттар өндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу