2022 жылы Қазақстан еркін елдер қатарына кіре алмады

599

2022 жылдың қаңтарында ҰҚШҰ-ның қазақстандық билікті қорғау үшін әскер жіберуі - автократиялардың репрессиялық режимді ұстап тұруының бірден-бір көрінісі.    

2022 жылы Қазақстан еркін елдер қатарына кіре алмады Фото: serbestiyet.com

Әлемдегі бостандық пен адам құқықтарын сақтау деңгейі 17 жыл қатарынан төмендеп келеді. Бұл туралы бейсенбіде Freedom Housе құқық қорғау ұйымы жариялаған "Әлемдегі бостандық-2023" жыл сайынғы есебінде айтылған.

Ресейдің Украинаға қарсы жасаған әскери агрессиясы ондағы адам құқықтарының бұзылуына әкелді. Алайда, өткен жылы азаматтық бостандықтар деңгейінің төмендеуі тек бұрынғы кеңестік ребпубликалар кеңістігінде ғана емес, мемлекеттік төңкерістер мен заңды түрде сайланған биліктің жұмысына нұқсан келтіру әрекеттері өткен жылы Буркина-Фасо, Тунис, Перу мен Бразилия сияқты елдерді тұрақсыздандырды.

Есеп авторлары атап өткендей, жаһандық еркіндік деңгейі 17 жыл қатарынан төмендеп келеді. Саяси құқықтар мен азаматтық бостандықтардың жалпы жақсаруы тіркелген елдер саны мен адамдар бостандығының төмендеуі байқалған елдер арасындағы алшақтық 2022 жылы бостандық деңгейінің жаһандық нашарлауының барлық 17 жылында ең төменгі деңгейге дейін жеткен.

Әлемнің 195 елінің 84-і 2022 жылы "еркін деп" танылды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін үш онжылдық өткенімен, Еуразияда әлі де авторитаризм басым және Балтық жағалауындағы үш елден басқа, бұрынғы Кеңес елдерінің арасында ешқайсысы өткен жылы еркін деп танылған жоқ.

Демократиялық басқарудың мұндай кемшіл тұсы аймақты тұрақсыздандырды, өйткені автократтар әскери күштерді көршілеріне шабуыл жасауға не ішкі келіспеушіліктерді басу үшін пайдаланып келеді, - деп атап өтті Freedom House.

Авторлар Ресейдің бақылауындағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ) автократиялардың репрессиялық режимдерді қолдау үшін аймақтық ұйымдарды қалай қолданатындығының мысалы ретінде келтіреді. 2022 жылдың қаңтарында ҰҚШҰ қазақстандық билікті жанармай бағасының күрт өсуінен туындаған үкіметке қарсы ауқымды наразылықтардан қорғау үшін әскер жіберді.

"Алайда, авторитарлық ынтымақтастық жеке мүдделерге ғана негізделгенін ескерсек, оның аясы аз шығынды әрекеттерге бағытталған, яғни режимдердің көзқарастары бір жерден шықпағанда немесе қатты демократиялық қысымға тап болған сәтте ұйымның принциптері өзінен өзі бұзылады", - делінген хабарламада.

ҰҚШҰ-ның Қазақстандағы оқиғаларға реакциясы ұйымның "жартылай еркін" ел мәртебесіне ие Ұйымның жалғыз қатысушысы Арменияға бұрын КСРО құрамына кірген көрші мемлекет Әзірбайжан тарапынан жасалған шабуылдарда көмектесе алмауына тым қарама-қайшы келеді.

Сонымен қатар, есепте президент Владимир Путиннің бірнеше авторитарлық одақтастары оның Украинаға қарсы агрессивті соғысын ашық қолдағаны атап өтілді. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2022 жылдың басында Мәскеу мен Пекиннің екіжақты серіктестігін "шексіз" деп бағалағанына қарамастан, шапқыншылықты қолдамады және Ресейге әскери қолдау көрсетпеді.

Жұрт арасында Закавказье мен Орталық Азия елдері Мәскеудің геосаяси кеңістігінде деп саналады, бірақ Әзербайжан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан Ресейдің Украина территорияларын аннексиялауын мойындаудан бас тартты және олардың барлығы Ресей банктеріне қарсы санкцияларды сақтап келеді.

Аймақтағы Кремльдің ең сенімді одақтасы Беларусь Президенті Александр Лукашенко болып қала береді, ол өзінің әлсіз билігін сақтау үшін Мәскеуді қолдауға мәжбүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу