Биыл отандық авиакомпаниялар паркі 10 жаңа ұшақпен толықты. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі.
Ұшақтардың жаңаруы рейстердің кешігуін азайтуға, жолаушыларды көбірек тасымалдауға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ әуе компанияларының ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл 10 айда әуе көлігімен 9 млн-ға жуық адам тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,8 пайызға артық. Сонымен қатар, компаниялардың тасымалдаудан түскен табысы 61,5%-ға өсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу