2025 жылы электронды сауда үлесі 15%-ға жетеді – вице-министр

1091

2020 жылы қазақстандықтар интернет арқылы тауарды жиі сатып алған. 

2025 жылы электронды сауда үлесі 15%-ға жетеді – вице-министр

2025 жылы бөлшек саудадағы электронды сауда үлесін 15%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстандағы электронды сауда нарығы айтарлықтай өсім көрсеткен. Оған коронавирус пандемиясы, логдаунның енгізілуі, кәсіпкерлердің тауарларды онлайн сатуға көшуі әсер еткен.

"2021 жылы электронды сауда үлесін 9,9%-ға дейін жеткізу жоспарланып отырмыз. Бұл – 1,4 трлн теңге. 2025 жылы оның үлесін 15%-ға жеткізу жоспарда бар: 3,6 трлн теңге", - деді Әсел Жанасова елордада өтіп жатқан Astana Finance Forum-дағы онлайн сессияда.

Вице-министр "Қазпошта" мәліметіне сілтеме жасап, 2020 жылы онлайн сауда нарығының көлемі 2 есе өсіп, 1,1 трлн теңгеден асқанын және В2С бөлшек саудадағы көлемі 9,7%-ға жеткенін айтты. 2019 жылы бұл көрсеткіш 3,7% болған.

Сонымен қатар PricewaterhouseCoopers компаниясының Еуразиядағы консультациялық қызметтер жөніндегі серіктесі Наталья Лим өткен жылы қазақстандықтар тауарларды интернеттен жиі сатып алып, 2021 жылғы сұраныстың орнын толтырғанын атап өтті.
        
"2020 жыл өте қызық болды. Бұл COVID-19-ға байланысты шығар. Сондықтан адамдар ақшасын жұмсап, 2021 жылы болуы керек сұранысты қамтамасыз етті. Біз өз болжамымызды жасаған кезде биыл нарық 2 өспейтінін түсіндік. Алайда әлі маңызды өсім болады", – деді Наталья Лим. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу