2025 жылы полиэтиленнен жасалған пакеттерге тыйым салынуы мүмкін

1387

Жыл сайын Қазақстанда 4,3 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылатын болса, оның небәрі 12 пайызы ғана қайта өңделеді. 

2025 жылы полиэтиленнен жасалған пакеттерге тыйым салынуы мүмкін

18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында "Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамытудың келешегі мен проблемасына" арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында Қазақстандағы экологиялық ұйымдар ассоциациясының төрағасы Айгүл Соловьева елімізде 2025 жылы полиэтиленнен жасалған бұйымдарға тыйым салыну мүмкін екенін айтты. 

Бұл жиынға "Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеушілер, кәдеге жаратушылар және қоқыс шығаратын ұйымдар Қауымдастығы "AWOK", ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, қайта өңдеуші саласындағы компания өкілдері, экологтар мен қоғам белсенділері қатысты. 

Отырыста тұрмыстық қалдықты жинау, тасымалдау, оны қайта өңдеу қызметіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалардың қажеттігін тілге тиек етті. Сонымен қатар олар қалдықты сұрыптап лақтыруға арналған контейнерлер орнатуды ұсынды. 

Айта кететін жайт, өндірістік және тұтынушы қалдықтар тастайтын орындардың саны еліміз бойынша 17 934-ке жеткен. Ал қоқыс көмілетін полигондардың басым бөлігі санитарлық талаптар мен экологиялық стандарттарға сай емес. 

Жыл сайын Қазақстанда 4,3 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылатын болса, оның небәрі 12 пайызы ғана қайта өңделеді. ҚР экология,геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Әсем Жайсаңбай бұл көрсеткішті алдағы жылдары өсіру үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетінін айтты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу