Жәбірленушінің айтуынша, биылғы жылдың 11 қарашасы күні далада жайылып жүрген 23 бас ірі қара малы қолды болған. Келтірілген шығын сомасы 8 000 000 теңгеден артық, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Аталған қылмысты ашу үшін құрамында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері және жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары бар арнайы жедел-тергеу тобы құрылды",– дейді Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметкері Елубек Оспанов.
Елубек Оспановтың айтуынша, "Мал ұрлығы" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ауылдағы бір тұрғынның қорасынан 6 бас ірі қара мен арыз берушіге тиесілі 3 ірі қараның терісі табылған. Жауап алу кезінде, ол қалған малды сатқанын, ал түскен ақшаны жұмсап қойғанын мойындады.
Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.