29 қарашада Үкімет отырысында АӨК, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәсеелелері қаралады

937

29 қарашада Үкімет отырысында АӨК, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәсеелелері қаралады

Ертең, 29 қарашада, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Күн тәртібінде – 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың, ҚР ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаевтың, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу