3245 компания банкрот деп танылды

842

Компаниялардың кредиторлар алдында жиналған қарызы 4 трлн 600 млрд теңгеге жетіпті.

3245 компания банкрот деп танылды

Қазақстанда 3 мыңнан астам компания банкрот деп танылды. Яғни, 1 қаңтардан бастап осынша шағын және орта кәсіптегі субъект жұмысын тоқтатқан.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Atameken Business арнасына берген мәліметінше, компаниялардың кредиторлар алдында жиналған қарызы 4 трлн 600 млрд теңгеге жетіпті.

Борышкерлердің дені Алматы қаласында. Одан кейінгі орынға бизнесі тоқырып, Нұр-Сұлтан мен Шығыс Қазақстан облысының субъектілері жайғасқан. Одан кейін Қостанай тұрса, бестікті Маңғыстау облысы түйіндейді.

Бизнесті жүргізуі "жақсы" деп Жамбыл облысының кәсіпкерлері саналуда. Бұл аймақ борышкерлер тізімінің ең соңында тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу