40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады: Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты

1003

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ

40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады: Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты Фото: polisia.kz

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты белгілі әнші Төреғали Төреәліге қатысты үкім шығарды.

Соттың хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлімі, яғни билік өкілдерін өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2023 жылы 14 маусымда Майлин көшесінде "Lexus" маркалы автокөлік тоқтатылғанын анықтады.

"Жүргізуші А. полиция қызметкерлерінің заңды әрі бірнеше рет қойылған талаптарын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, қарсылық танытқан, осылайша ол өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысындағы билік өкілдерін қорлады. Айыпкердің кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдер арқылы дәлелденді: жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, бейнежазба және т.б.", - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.⠀

Прокурор А-ны кінәлі деп тануды және 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер айыпкерге заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

Айыпкер А. өз кінәсін мойындамады.⠀

"Сот жаза тағайындау кезінде іс бойынша айыпты жеңілдететін (5 кішкентай баласының болуы) және ауырлататын (есірткілік мас күйінде) мән-жайларды есепке алды. Сот қаулысымен А. жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылды және оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды", - хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу