5,5 мыңға жуық жолаушының ақшасы кері қайтарылып жатыр

962

Атырауда электрондық жүйенің ақауларынан жолаушылардың есепшотынан тасымалдаушының пайдасына артық ақша аударылған.

5,5 мыңға жуық жолаушының ақшасы кері қайтарылып жатыр Фото: pricom.kz

 Тіпті автобусқа отырмаған жолаушылардың да картасынан ақша алынған, деп хабарлайды 24.kz.

"Smart Qala" коммуналдық мекемесі өкілдерінің айтуынша электрондық есеп айырысу жүйесінде ақау пайда болыпты. Оған төлем карталары жоқ жолаушылар үшін жолақысының 150 теңгеге көтерілуі де себеп болған. Осындай қателіктердің салдарынан қаладағы қоғамдық көліктерде бір аптада 17 мың адам тегін тасымалданған.

"Қыркүйек айының 21-27 аралығында біздің электрондық жүйеде техникалық ақау болып, жолаушылар тегін жүрді. Электронды жүйе жолаушының картасына есеп жүргізгенімен, жұрттың есепшотынан ақша алынған жоқ. Ал сенбі-жексенбі күні жүйе іске қосылған соң, электронды картасы бар сол жолаушылардың барлығынан ақша алынды. Дегенмен, біз сол қаражатты қайтарып беру туралы шешім қабылдадық",– дейді "Smart Qala" ЖШС директоры Болат Жамашов.

Қазір техникалық ақау кезінде жолақысы екі есе артық алынған 5,5 мыңға жуық тұтынушының  ақшасы кері қайтарылып жатыр. Сонымен қатар мамандар алдағы уақытта осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін электрондық төлем жүйесін жетілдіру жұмыстарын қолға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу