50 мың теңге үшін 1,2 млн айыппұл арқалады

959

Екібастұз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алғаны үшін жазаланды.

50 мың теңге үшін 1,2 млн айыппұл арқалады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімет бойынша Екібастұз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған Ж.С. Ақболин жер үй иесіне телімді үлкейтіп рәсімдегені үшін 50 мың теңге пара алған. 

"Ол жеке үйге қосымша жер телімін рәсімдегені үшін 50 мың теңге пара алды деп күдікке ілінген.11 ақпанда Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының үкімімен Ақболинге 1 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", – деді агенттіктің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу