Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 3 млрд теңгеге дейінгі несиенің 50 %-на кепілдік ұсынуға дайын. Ол үшін жобаңыз "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына енуі шарт. Бұл туралы сала басшысы Сапархан Омаров айтты.
"Ауыл шаруашылығын қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту үшін, оның ішінде "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешеннің басым салалары бойынша қарыздарды кепілдендірудің жаңа құралы әзірленді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 3 млрд теңгеге дейінгі кредиттерге 50%-ға дейінгі кепілдік ұсынады. Ал басым инвестициялық жобалар үшін кепілдік 85%-ға дейінгі мөлшерді құрайды. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін кепілдік мөлшері стандартты шарттарға дейін төмендетіледі", – деді министр.
Есжан Ботақара