53 жастағы ер адам 5 жыл бұрын кісі өлтіргенін мойындады

574

Қайтыс болған адамның қалдықтары табылды.

53 жастағы ер адам 5 жыл бұрын кісі өлтіргенін мойындады

Ақмола облысы Атбасар қаласының 53 жастағы тұрғыны АПБ полиция бөліміне кінәсін мойындап келді. Ер адам 2017 жылдың шілдесінде Целиноград ауданы Талапкер ауылында 49 жастағы ер адамды өлтіріп, кейін екеуі жұмыс істеп жатқан үйде денесін бетонмен құйғаны туралы мойындады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам полицияға жанжал нәтижесінде кісі өлтіргенін айтып, мәйіттің жерленген жерін көрсетті, тергеу барысында қайтыс болған адамның қалдықтары табылды.

Қазіргі уақытта адам өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар оқиға орнынан заттай айғақ – балға тәркіленді.

Целиноград аудандық полиция бөлімі аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу