5G қашан қосылады?

771

Министр мәселенің мән-жайын түсіндірді.  

5G қашан қосылады?

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G желісіне қатысты мәлімдеме жасады. 

Ол қай жылы және қай қалаларда 5G желісі қосылатынын айтты. 

"5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тест сынағы жүргізілді. Керекті жиілік диапазондарын босаттық. Ары қарай операторларға тарату механизмі қарастырылады. Сонымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желісі 2022 жылы іске қосылады. Ал облыс орталықтарында бұл мәселе 2025 жылы шешіледі", – деді Бағдат Мусин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу